Денсаулык және спорт орталығы

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы университеттің ең көне кафедраларының бірі, оның құрылу жылы – 1960. Кафедраның алғашқы меңгерушілері Левченко Б.Ф., Жақсылықов М.Ф. 

2021 жылы Дене шынықтыру және спорт кафедрасы «Денсаулық және спорт орталығы» болып қайта құрылды.

2023 жылдың желтоқсан айынан бастап «Денсаулық және спорт» орталығының басшысы Бекбосынов Сымбат Тусупханович.

«Денсаулық және спорт» орталығының ғылыми және кадрлық әлеуеті: 9 жаттықтырушы-оқытушы. Оның ішінде: 1 профессор, педагогика ғылымдарының докторы, еңбегі сіңген жаттықтырушы-оқытушы, 7 аға жаттықтырушы-оқытушы, 1 оқытушы-жаттықтырушы, 2 фитнес нұсқаушысы, 1 біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман.

«Денсаулық және спорт» орталығының жұмысы үшін регламенттеуші құжаттар:

  • «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2014 жылғы 3 шілде №228-V ЗРК);
  • «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы (2008 жылғы 2 қыркүйек, №498);
  • Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы (2016 жылғы 11 қаңтардағы № 168);
  • Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.) "Бұқаралық спорт – ұлт саулығының кепілі" (01.09.2020 ж.).

Осы құжаттардың негізінде университеттің спорт базасының шарттары мен мүмкіндіктері, студенттер контингенті, оқытушылар құрамының біліктілігі есепке алынатын жұмыс бағдарламасы жасалады.

Соңғы өзгерістер күні:
10.02.2025