«Қазақстан мен Өзбекстанда ауылдық туризм саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және енгізу арқылы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту» (DIANA)

DIANA (Erasmus+ CBHE) жобасы - «Қазақстан мен Өзбекстанда ауылдық туризм саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және енгізу арқылы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту» бағытталған халықаралық бастама.

Жоба Еуропалық Одақ тарапынан Erasmus+ «Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру» (Capacity Building in Higher Education - CBHE) бағдарламасы шеңберінде бірлесіп қаржыландырылады және 36 айға (2025–2028 жж.) есептелген.

Жобаның негізгі мақсаты - әйелдерге ауылдық туризм саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті білім, практикалық дағдылар мен мүмкіндіктер беру арқылы олардың экономикалық белсенділігін арттыру. DIANA жобасы туризмнің тұрақты дамуына ықпал етуге, жергілікті мәдени мұраны сақтауға және ауылдық жерлерде инновациялық туристік өнімдерді әзірлеуге бағытталған.

Жоба шеңберінде серіктес университеттер білім беру модульдерін әзірлейді, ауылдық қауымдастықтардағы кәсіпкер әйелдерді қолдауға бағытталған оқыту іс-шараларын, семинарлар мен пилоттық бастамаларды ұйымдастырады. Туризм саласындағы инновацияларға, цифрландыруға және тұрақты бизнес-модельдерді дамытуға ерекше назар аударылады.

DIANA жобасы халықаралық ынтымақтастықты, білім және тәжірибе алмасуды, сондай-ақ әлеуметтік инновацияларды дамытуға арналған маңызды платформа болып табылады және Орталық Азиядағы өңірлік дамуға және әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Жоба үйлестірушісі: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті (Қазақстан)

Жобаның іске асырылу мерзімі: 2025-2028 жж. (36 ай)

Жалпы бюджеті: 358 010,00 еуро

Жобаның мақсаты

Ауылдық жерлерде тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту және олардың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру арқылы DIANA жобасы Орталық Азия елдерінің экономикасын жаңғыртуға, олардың бәсекеге қабілеттілігі мен инновациялық әлеуетін арттыруға бағытталған жасыл экономиканың дамуына ықпал етеді.

Тұрақты экономикалық өсуге және жаңа жұмыс орындарын құруға білім беру мен бизнестің өзара байланысын агро- және экотуризм саласындағы жеке сектордың қажеттіліктеріне барынша сәйкестендіру арқылы қол жеткізіледі.

Жоба серіктестері

Еуропалық Одақ елдерінен серіктестер:

  • Universidade Portucalense Infante D. Henrique - Портукаленсе Инфанте Д. Энрике университеті (Португалия)
  • Hochschule Wismar University of Applied Sciences: Technology, Business and Design - Висмар қолданбалы ғылымдар жоғары мектебі: технологиялар, бизнес және дизайн (Германия)

 

Орталық Азия елдерінен серіктестер

Қазақстан:

  • Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
  • Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
  • Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
  • Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасы

Өзбекстан:

  • Халықаралық ауыл шаруашылығы университеті
  • «Жібек жолы» халықаралық туризм және мәдени мұра университеті
  • Нөкіс мемлекеттік техникалық университеті
  • SABR Республикалық әлеуметтік-экономикалық даму орталығы
Күтілетін нәтижелер

 

  1. Институционалдық әлеуетті арттыру

    Жеті серіктес университет 7 кәсіпкерлік орталықты құру немесе жаңғырту, профессор-оқытушылар құрамының 128 өкілін оқыту, сондай-ақ оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу арқылы өздерінің институционалдық әлеуетін арттырады.

  2. Кәсіпкерлік құзыреттерді дамыту

    7 жаңа курсты әзірлеу, қолданыстағы 14 курсты жаңарту және 14 білім беру бағдарламасын жаңғырту кемінде 150 студент пен ауылдық жерлерде тұратын 90 әйелді кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға мүмкіндік береді.

  3. Университеттер мен жергілікті қауымдастықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту

    Барлық жеті серіктес университет студенттер мен әйелдерді бірлескен кәсіпкерлік жобалар мен жергілікті бастамаларға тарту арқылы ауылдық қауымдастықтармен өзара ынтымақтастықты нығайтады.

  4. Түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыру

    Кәсіпкерлік даярлық пен практикаға бағдарланған оқыту 14 білім беру бағдарламасына енгізіледі. Бұл түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге және олардың кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді.

  5. Әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту

    Ауылдық жерлерде тұратын кемінде 90 әйел ауылдық туризм саласында тұрақты бизнесті құруға және дамытуға қажетті кәсіпкерлік білім, менторлық қолдау және практикалық тәжірибе алады.

  6. Білім берудің еңбек нарығы қажеттіліктеріне сәйкестігін арттыру

    Жаңа және жаңартылған оқу бағдарламалары ауылдық туризм секторы мен өңірлік еңбек нарықтарының қажеттіліктеріне неғұрлым толық сәйкес келу арқылы жоғары білім берудің өзектілігі мен практикалық маңыздылығын арттырады.

  7. Тұрақты өңірлік ынтымақтастықты дамыту

    Қазақстан, Өзбекстан, Португалия және Германиядан 7 серіктес университет пен қауымдастырылған мүдделі тараптарды біріктіретін тұрақты халықаралық желі құрылады. Бұл желі ұзақ мерзімді ынтымақтастықты, тәжірибе және білім алмасуды қамтамасыз етеді.

 

Негізгі сілтемелер:

Еуропалық Одақ қаржыландырады. Алайда осы материалда білдірілген көзқарастар мен пікірлер тек авторға (авторларға) тиесілі және міндетті түрде Еуропалық Одақтың немесе Еуропалық білім және мәдениет жөніндегі атқарушы агенттіктің (EACEA) ұстанымын білдірмейді. Еуропалық Одақ та, EACEA да осы материалда келтірілген пікірлер мен ақпарат үшін жауапты болмайды.

Соңғы өзгерістер күні:
07.09.2026