Erasmus +: MIETC

  Мәтінді оқу  

Development of a Master Programme in the Management of Industrial Entrepreneurship for Transition Countries – MIETC

Өтпелі экономикасы бар елдер үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметін басқару жөніндегі магистрлік бағдарламаны әзірлеу

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Эразмус+ Конкурс V (2019) ППВО бағдарламасы аясында 610198-EPP-1-2019-1-ES-EPPKA2-CBHE-JP «Өтпелі экономикасы бар елдер үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың Кәсіпкерлік қызметін басқару бойынша магистрлік бағдарламаны әзірлеу» жобасын жүзеге асыруда.

Жоба шеңберінде Орталық Азия университеттерінің ағымдағы оқу мүмкіндіктерін ескере отырып, сондай-ақ жеке өңірлік өнеркәсіптік компаниялар мен мемлекеттік мекемелерді тарту арқылы еңбек нарығының қажеттіліктерін талдауға және магистрлік бағдарламаны, оқу жоспарлары мен даярлық мазмұнын әзірлеуге әрекет жасалатын болады. Нәтижесінде жоба жоғары оқу орындарын интернационалдандыруға және өнеркәсіптік өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін болады.

Жобаны іске асыру кезеңі – 15.01.2020-14.01.2023жж.

Жобаның бюджеті – 807 014 евро.

Жоба серіктестері

ЕО координаторы:

  • Сантьяго-де-Компостела университеті, Испания

ЕО серіктестері:

  • Федерико II атындағы Неаполитан Университеті, Италия
  • Любляна Университеті, Словения
  • «AYeconomics»  Зерттеу Орталығы, Испания

Орталық Азия серіктестері:

Түрікменстан

  • Түрікменстан Ғылым академиясы
  • Түрікменстан Ғылым Академиясының технологиялар орталығы
  • Түркімен мемлекеттік экономика және басқару институты
  • Түрікмен мемлекеттік қаржы институты

Қазақстан

  • Д. Серікбаев ат. Шығыс Қазақстан техникалық университеті.
  • Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
  • Бизнес-Профи оқу орталығы

Тәжікстан

  • Тәжік мемлекеттік сауда университеті
  • Тәжікстан технологиялық университеті
  • «Фановар» Технопаркі 
Жоба мақсаты

пәнаралық магистрлік бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жолымен өнеркәсіптік кәсіпкерлік саласындағы Орталық Азия жоғары оқу орындарының (Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан) академиялық әлеуетін арттыру және нығайту, сондай-ақ серіктес университеттер мен еңбек нарығы арасында тұрақты ынтымақтастықты жолға қою.

Жобаның міндеттері
  • Орталық Азия университеттерінің тәжірибесі мен Орталық Азия өнеркәсіптік кәсіпорындарының қажеттіліктерін ескеретін ЕО университеттерімен бірлесіп пәнаралық магистрлік бағдарламаны әзірлеу және іске асыру.
  • Инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу саласында олардың құзыреттілігі мен дағдылары деңгейін арттыру негізінде, сондай-ақ оқытушылардың дайындық деңгейін арттыру есебінен жергілікті университеттердің әлеуетін арттыру.
  • Түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігі және ақпарат алмасу мақсатында университеттер мен өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында тығыз ынтымақтастық орнату.
  • Жоғары білім беруді интернационалдандыруға жәрдемдесу, қол жетімділік, жаңғыртуды қолдау.
  • Орталық Азияның серіктес жоғары оқу орындарында гендерлік мәселелерді, жоғары білімнің инклюзивтілігі мен орнықтылығы мәселелерін тиімді шешу.
Жоба нәтижелері
  • Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескеретін өнеркәсіптік кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметін басқару жөніндегі пәнаралық магистрлік бағдарлама әзірленеді және аккредиттеледі.
  • Орталық Азияның жоғары оқу орындары нарық талап ететін халықаралық инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу саласында тиісті білім мен дағдыға ие болады.
  • Өнеркәсіптік сектордың сұранысы бойынша мамандар даярлауға ықпал ететін университеттер мен бизнес орта арасында ынтымақтастық орнатылады.
  • Орталық Азия елдерінің жоғары білімін интернационалдандыруды жаңғырту, оған қолжетімділікті арттыру және дамыту қамтамасыз етіледі.
Д. Серікбаеват.ШҚТУ жұмыс тобының мүшелері

Аты-жөні

Қызметі/жобадағы рөлі

Функционалдық міндеттері

Шаймарданов Жасулан Кудайбергенович

Ректор / жетекші

Жобаүйлестірушісі

  • жоба бойынша іс-шараларды өткізуді үйлестіру;
  • жоба бойынша байланыс;
  • топ құрамын анықтау,
  • жобаның негізгі міндеттеріне қол жеткізу бойынша топтың қызметін үйлестіру;
  •  есептерді дайындау

Рахметуллина Сауле Жадыгеровна

Бірінші проректор/менеджер

Жобаменеджері

  • жоба бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
  • жобаның стейкхолдерлерімен, атап айтқанда бизнес құрылымдарымен және кәсіпорындармен қызметті үйлестіру;
  • жобаның мақсатты аудиториясының қажеттіліктеріне аналитикалық зерттеулер жүргізу;
  • жоба бойынша мақалалар мен жарияланымдар;
  •  есептерді дайындау

Конурбаева Жадыра Тусупкановна

Оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор /менеджер

Жобаныңжауаптыорындаушысы

  • жобаның негізгі міндеттерін іске асыру бойынша қызметті үйлестіру.;
  • жобаны іске асыру бойынша ПОҚ іріктеуді және даярлауды ұйымдастыру;
  • жүргізуге жобалық құжаттаманы;
  • жоба бойынша коммуникацияларды басқару;
  • мүдделі тараптардың қатысуымен семинарлар/сауалнамалар өткізу;
  • магистрлік білім беру бағдарламасын әзірлеу;
  • магистранттарды қабылдау тәртібін анықтау;
  • сертификаттау және аккредиттеу процесін ұйымдастыру және сүйемелдеу;
  • жоба бойынша мақалалар мен жарияланымдар;
  • сапа стратегиясына сәйкес жоба бойынша өткізілетін іс-шаралардың сапасын қамтамасыз ету;
  •  есептерді дайындау

Мадиярова Эльвира Собетоллаевна

Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің деканы/зерттеуші

Жобазерттеушісі

  • жоба құжаттарын жүргізу;
  • тұрақты даму және жоба нәтижелерін пайдалану жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
  • мүдделі тараптардың қатысуымен іс-шараларды, семинарларды/сауалнамаларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
  • нарық қажеттіліктерін талдау үшін статистикалық мәліметтерді жинау;
  • магистрлік білім беру бағдарламасын әзірлеу;
  • сертификаттау және аккредиттеу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу;
  • магистранттарды бағдарламаға қабылдау;
  • жоба бойынша мақалалар мен жарияланымдар;
  • ақпарат тарату, жарнамалық компаниялар, ақпараттық күндер мен ашық есік күндері;
  •  жоба бойынша өткізілетін іс-шаралардың сапасын қамтамасыз ету;
  • есептерді дайындау

Рахимбердинова Мадина Умаргалиевна

Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің доценті/зерттеуші

Жоба зерттеушісі

  • университет сайтының және жоба туралы ақпараттандыратын жоба сайтының мазмұны мен толықтырылуы бойынша жұмыс;
  • жобаны тарату стратегиясын іске асыру;
  • курс бағдарламасын дайындау үшін ағылшын тілінде оқу әдебиеттерін іріктеу;
  • нарық қажеттіліктерін талдау үшін статистикалық мәліметтерді жинау;
  • кәсіби желіні дамыту;
  • магистрлік бағдарламаны жылжыту;
  • жоба бойынша мақалалар мен жарияланымдар;
  • ақпарат тарату, жарнамалық науқандар, ақпараттық күндер мен ашық есік күндері, әлеуметтік желілер;
  •  есептерді дайындау

Юсубалиева Мадина Файзуллиновна

Аға ғылыми қызметкер / жаттықтырушы-оқытушы

Оқытушы-жаттықтырушы

  • -профессор-оқытушылар құрамының ағылшын тілін оқыту бағдарламасын әзірлеу және ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру;
  • серіктес ЖОО оқытушыларынан ағылшын тілін меңгеру деңгейі туралы ақпарат жинау;
  • ағылшын тілін оқытуды ұйымдастыру бөлігінде жобалық құжаттаманы жүргізу;
  • жоба бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
  •  есептерді дайындау

Проектная группа Технологического университета Таджикистана проходит онлайн обучение английского языка в рамках программы ППВО ЭРАЗМУС+ Конкурс V (2019)  и реализует проект 610198-EPP-1-2019-1-ES-EPPKA2-CBHE-JP «Разработка магистерской программы по управлению предпринимательской деятельностью промышленных предприятий для стран с переходной экономикой» (MIETC).

В честь праздника 8 марта — Международный женский день наши коллеги из Таджикистана записали видео поздравления преподавателю английского языка ВКТУ им. Д. Серикбаева.  

https://drive.google.com/file/d/1gAJr8UbuCOsz4Xdso9oWxrHukwQ3KDPN/view?usp=sharing


Әлеуметтік желілер:

 

Негізгі сілтемелер:

Бұл жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырылады. Беттің мазмұны автордың жауапкершілігінің тақырыбы болып табылады және Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпеуі мүмкін. Еуропалық Комиссия бұл беттің мазмұнына жауап бермейді.