"Postgraduate" орталығы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ішкі құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Орталықтың алдына қойылып отырған міндеттер:
- Докторанттардың ғылыми қызметін ақпараттық сүйемелдеу.
- Докторанттардың ғылыми қызметін құқықтық және құжатталу жағынан сүйемелдеу.
- Докторанттардың жеке жоспарларының орындалуын бақылау.
- Ғылыми кеңесшімен бірлесе отырып, докторлық диссертациялардың уақтылы жазылуын және оның нәтижелерінің жариялануын үйлестіру.
- Докторанттардың ғылыми тағылымдамалар жоспарының орындалуын бақылау.
- Докторанттармен тоқсан сайын ғылыми семинарлар өткізу.
- Докторлық диссертацияларды қорғау жоспарының орындалуын бақылау.
- Постдокторантура ашу бойынша құжаттарды әзірлеу.
- "Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ" КеАҚ жанындағы диссертациялық кеңестердің қызметін бақылау.