Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті қабырғасында жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі аясында халқымыздың ұлттық мұрасы мен рухани құндылықтарына арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Университетте түрлі көрмелер, концерттік бағдарламалар және ұлттық фестивальдер өтті.
Бүгінгі Мәдениет және ұлттық салт-дәстүрлер күні қазақ халқының бай мұрасын насихаттауға және оны болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталды. Осы күні студенттер арасында халықтық дәстүрлерді дәріптейтін байқаулар, сондай-ақ көркемөнерпаздар ұжымдарының театрландырылған қойылымдары ұйымдастырылды. Жас таланттар ұлттық өнерді ұлықтайтын түрлі шығармашылық сайыстарда өз шеберліктерін көрсетті.
Наурызнама аясында өткізілген іс-шаралар мәдениетіміздің баға жетпес құндылығын тағы бір мәрте айқындап, жастардың ұлттық санасының нығаюына ықпал етті. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған салтанатты шара халықты біріктіріп, рухани дәстүрлердің келер ұрпаққа жалғасуының жарқын символына айналды.