Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған театрландырылған қойылым ұйымдастырды.

Мерекелік іс-шара университеттің оқытушыларына, қызметкерлеріне және студент қыздарына деген құрмет пен алғыстың жарқын көрінісі болды. Бұл күні сахна төрінен жылы лебіздер мен шынайы құттықтаулар айтылып, зор денсаулық, бақыт және кәсіби табыс тілектері білдірілді.

Мерекелік көңіл-күйді әсерлі сахналық образдар, музыкалық сүйемелдеу және өнер көрсетушілердің шынайы эмоциялары айрықша айқындады. Іс-шара университет ұжымын жылы әрі рухани атмосферада біріктіріп, барша қатысушыларға көктемгі шаттық пен ұмытылмас әсер сыйлады.

Қойылым мәдени шара ғана емес, сонымен қатар әйел затына — дәстүр сақтаушысы, жасампаз күш иесі әрі шабыт көзі ретінде көрсетілген құрметтің белгісі болды.