«Театр бізге Жеңіс қуанышын сыйлайды!» – осы ұранмен 1-курс студенттері Ұлы Отан соғысының 80 жылдығын және даңқты жерлесіміз, батыр сарбаз Құмаш Нұрғалиевтің 100 жылдық мерейтойын атап өтіп, тарихымыздың ерлікке толы да даңқты беттеріне саяхат жасады. Шараға университет әкімшілігі, ВКТУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сергиенко Л.С. құрметті қонақ ретінде қатысты.

Көрермендер назарына «Мергеннің жүрегі – Әлия Молдағұлова» атты театрландырылған қойылымы, «Мәншүк Мәметованың соңғы шайқасы» көрінісі, «Огонек» әнінің инсценировкасы, «Смуглянка» әнінің тарихы және «Соғыс өртеген поэзия» атты поэзиялық сағат ұсынылды.