1992 жыл. Баспа және бұқаралық ақпарат министрлігі алқасының құрылыс-жол институтына, баспадан тыс, тақырыптық жинақтарды, ғылыми еңбектерді, конференциялардың, съездер мен симпозиумдардың материалдарын, дәрістердің мәтіндерін және оқу құралдарын орыс, қазақ және басқа тілдерде, жылына 40 есептік баспа табағы көлемінде шығаруға құқық беру туралы 25.06.92 ж. №6 хаттамасының 1-тармағы шешімі негізінде, 1 қазанда ӨҚЖИ ректоры Ю.В. Баталовтың бұйрығымен институт құрылымында жаңа бөлімше – редакциялық-баспа бөлімі (РББ) құрылды. Бөлім үш адамнан тұрды: бөлім бастығы Л.И. Орлова, редактор О.Н. Николаенко және корректор С.Л. Шумовская. Редакциялық-баспа бөлімінде материалдар қабылданып, баспаға дайындалды, кітап шығару жоспарын институт басшылығы бекітті және олар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жіберілді. Кітаптар ӨҚЖИ I оқу ғимаратында орналасқан институт баспаханасында шығарылды.
Студенттерді оқыту сапасына қойылатын талаптардың артуы, институт оқытушылары мен қызметкерлерінің ғылыми және шығармашылық жұмыстары жоғары оқу орнының редакциялық-баспа базасын кеңейтуін қажет етті. 2004 жылғы 2 маусымда ҚР Білім және ғылым министрлігі университетке оқу-әдістемелік және қосымша әдебиеттерді шығару үшін №0000067 лицензиясын берді.
Университет ректоры Ж.К. Шаймардановтың 07.10.2015 жылғы №285-П бұйрығымен бөлім Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Редакциялық-баспа орталығы болып қайта ұйымдастырылды. 2020 жылдан бастап редакциялық-баспа орталығы «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.