Техникалық сүйемелдеу басқармасы

Тапсырмалары: Оқу және қаржылық-шаруашылық үрдістерді автоматизациялайтын қолайлы құралдарды жасауға мүмкіншілік беретін, университеттің бағдарламалық-телекоммуникациялық негізін дамыту және қолдау

Негізгі міндеттері:

  • корпоративтік компьютерлік желіні дамыту және оған қызмет көрсету;
  • есептеу техникасы құралдарына техникалық сервис көрсету;
  • телебайланыс амалын қамтамасыз ету.
  • білім беру жуйесін қамтамасыз ету;
  • бағдармалықты әзірлеу және сүймелдеуін қамтамасыз ету.

ШҚТУ бiрлескен компъютер желiсi университеттiң 5 корпустарының жергiлiктi есептеуiш желiлерiн бiрлестiредi, соның iшiнде 3 оқу-ғылыми корпустар және 2 жатақхана.

Барлық жұмыс станциялары үшін ШҚТУ сайттарына қатынау қамтамасыз етілген:

www.do.ektu.kz ШҚТУ ақпаратты-білім порталына кіру интернет және университеттің жергілікті желісі арқылы жүзеге асырылады.

3Электронды пошта жәшіктері үшін олардың иелеріне әлемдік желінің кез-келген жерінен қатынау мүмкіндігі жасалған.

Интернетке қатынау өткізу қабілеттілігі 500 Мбит/с жылдамдығымен бөлінген арналар бойынша жүзеге асырылады.

Неғұрлым көп пайдаланылатын және ұйымдастыруды қажет ететін орындарда интернетке қатынаудың WiFi аймағы ұйымдастырылған.

Интернетке қатынауға арналған жалпы және арнайы ақысыз аймақтары бар.

Корпоративтік компьютерлік желілердің негізгі ішкі магистральдары – гигабитті болып келеді.

ШҚТУ-нің корпоративтік компьютерлік желісінің және телестудиясының пайдаланушылары халықаралық масштабтағы форумдар мен іс-шараларлдың ұйымдастырушылары болып табылады, бұл шараларға президент, Үкімет аппараттары, сондай-ақ облыс пен қала әкімшілігі және басқа да мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен кәсіпорындар қатысып келеді. АТО қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің қатысуымен өткен үш халықаралық форумға техникалық жәрдемді қамтамасыз етті, форумның біреуі Ресей Президентінің қатысуымен өтті.

Білім беру жуйесін қамтамасыз ету

[Image] Бөлім күшімен 180 орынга арналған университеттің 16 компьютерлік сыныптарына қызмет корсетіледі. Есептеуіш машиналарға техникалық қызмет көрсету, компьютерлік сыныптарды желілік басқару, компьютерлік сыныптарды даярлау жұмыстары (клондау, тестілеу, бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту) компьютерлік техника паркін жаңғырту, кітапхананың оқу бағдарламалық жуйесін жинақтауын қамтамасыз ету, электрондық тестілеуді жүргізу, университеттің бейнебақылау жүйесіне қызмет көрсету және тағы басқа жумыстары жүргізіледі.

Бағдармалықты әзірлеу және сүймелдеуін қамтамасыз ету

Бөлім қызметкерлерімен автоматтандырылған тестілеу жүйесін жүргізуге арналған «Электрондық тестілеу» әзірленді. Бұл жүйе студенттердің білімін тестілеу әдісімен бақылау үшін арналған яғни пәндер бойынша тестілік сұрақтардың банкі қалыптастырады және бұл қордың негізінде студенттер үшін тестілік тапсырмаларын шығарады. Бағдарламалық өнім студенттер контигентін автоматтандыру деректері, пәндер бойынша тестілеу сұрақтарының банкін құру және енгізуін қамтамасыз етеді, пәндер бойынша тест тапсырмаларын банкінің сұрақтарынан бастама жасау тестілеу қорытындысы бойынша есептерді қалыптастыруын қамтамасыз етеді. Электрондық түрде сауалнама жүргізіледі: «Оқытушы студент көзімен», «Оқытушы бітірушілер көзқарасымен», «Оқытушы әріптестер көзімен».