Білім беру бағдарламасы
Толығырақ
Код – Мамандық | 8D07104 - Көлік, көлік техникасы және технологиялары | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Білім беру бағдарламасының мақсаты |
Ғылыми-зерттеу және педагогикалық жұмысты жүргізуге, өзекті ғылыми міндеттерді өз бетінше қоюға және шешуге, көлік саласындағы және сабақтас салалардағы қазіргі заманғы ғылыми-техникалық жетістіктерді барабар қабылдауға, сондай-ақ ғылым мен практикаға өз үлесін қосуға қабілетті жоғары білікті кадрлар даярлау. |
||||||||||||||
Түлек моделі | |||||||||||||||
Түлектің біліктілік сипаттамасы |
Мамандар лауазымдарының тізбесі:
Ғылыми/ғылыми-зерттеу ұйымына басшылық ету; Көлік техникасын жобалауға, дайындауға басшылық жасау; Көлік саласына басшылық ету; Жоғары оқу орындарында сабақ беру. |
||||||||||||||
Кәсіби қызмет объектісі:
Өмір циклінің барлық сатыларындағы көлік техникасы; Көлік техникасын жобалау, дайындау және пайдалану әдістері мен технологиялары |
|||||||||||||||
Кәсіби қызмет түрлері:
Көлік техникасын жобалау, дайындау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары; Көлік техникасын жобалау, дайындау және пайдалану саласындағы эксперименттік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар; Көлік саласы үшін мамандар даярлау кезіндегі жоғары оқу орындарындағы ғылыми-педагогикалық қызмет. |
|||||||||||||||
Кәсіби қызметінің функциялары:
1. Ғылыми-зерттеу зертханасының, ғылыми орталықтың, технопарктің басшысы: 1.1. Зертхананың, орталықтың, технопарктің ғылыми-техникалық даму саясаты мен бағытын айқындайды; 1.2. Зертхананың, орталықтың, технопарктің ғылыми-зерттеу және өндірістік қызметінің тиімділігіне басшылықты және талдауды жүзеге асырады; 2. Департамент, басқарма, комитет басшысы: 2.1. Департаменттің, Басқарманың, Комитеттің жұмысын ұйымдастыру және оған басшылық ету; 2.2. Департамент, басқарма, Комитет қызметінің нәтижелерін бақылау және талдау; 3. Кіші / аға / жетекші / бас ғылыми қызметкер: 3.1. Көлік техникасы мен технологиялары саласындағы ғылыми теориялық және эксперименттік зерттеулерді оның өмірлік циклінің сатыларында жоспарлау және жүргізу; 3.2. Көлік техникасы мен технологиялары саласындағы ғылыми теориялық және эксперименттік зерттеулердің нәтижелерін оның өмірлік циклінің сатыларында жинау және талдау 4. Аға оқытушы / қауымдастырылған профессор / профессор: 4.1. Көлік саласы үшін мамандар даярлау кезінде арнайы оқу курстарын / пәндерді әзірлеу және оқыту; 4.2. Көлік бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарында білім алушылардың ғылыми/ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасау. |
|||||||||||||||
Маманның құзыреттілік картасы |
|
||||||||||||||
Модульдік оқу жоспары |
|