Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық 7M05301 - Техникалық физика
(Қос дипломды ББ - Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университеті)
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Физика, конденсацияланған күй физикасы, нанотехнологиялар және аддитивті технологиялар саласында, нарықтық экономика жағдайына бейімделген, зерттеу, жобалау, кәсіпкерлік қызметті ұштастыру арқылы өндірістік міндеттердің барлық кешенін талдай, білуге және орындауға қабілетті жоғары білікті, сұранысқа ие мамандарды дайындау.

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Жаңа материалдарды, технологияларды, аспаптар мен құрылғыларды зерттеуді, әзірлеуді, жасауды және пайдалануды қамтитын ғылым мен техника салалары.
Кәсіби қызмет объектісі:

Физикалық процестер мен құбылыстар, физикалық және физикалық–технологиялық аспаптар, жүйелер мен кешендер, сондай–ақ ғылыми-зерттеу, ғылыми–өндірістік, жобалауконструкторлық ұйымдар, кәсіпорындар, фирмалар, компаниялар, орталықтар мен жоғары оқу орындары.
Кәсіби қызмет түрлері:

-теориялық және қолданбалы физика саласындағы зерттеуші, инженер-зерттеуші және инженер-әзірлеуші, ғылымды қажетсінетін және компьютерлік технологиялар, математикалық модельдеу, энергия үнемдеу және әр түрлі объектілердің, процестер мен технологиялардың энергетикалық тиімділігін арттыру саласында жоғары білім деңгейіне ие жоғары білікті маман;
-жобалау-іздестіру, ғылыми-зерттеу институттарындағы ғылыми
қызметкер, оқу орындарында (орта кәсіптік, жоғары) оқытушы.
Кәсіби қызметінің функциялары:

Ғылыми және ғылыми-зерттеу қызметі:
- жаңа ғылыми нәтижелерді зерттеу;
- ғылыми әдебиетті немесе ғылыми-зерттеу жобаларын зерделеу;
- физика, химия, биология, экономика, медицина, экология саласындағы қолданбалы міндеттерді шешу үшін -ғылымды қажетсінетін технологиялар мен бағдарламалар пакеттерін қолдану;
- математикалық болжау және жүйелік талдау әдістерімен ақпараттық жүйелерді зерттеу;
- жоғары өнімді есептеуіш технологиялардың қазіргі заманғы әдістерімен үлкен жүйелерді зерттеу, жүргізілген зерттеулерде заманауи суперкомпьютерлерді қолдану;
- жүргізілетін ғылыми-зерттеу жобаларының тақырыбы бойынша математикалық модельдерді, алгоритмдерді, әдістерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді, аспаптық құралдарды зерттеу және әзірлеу;
- жүргізілетін зерттеулер тақырыбы бойынша ғылыми шолулар, рефераттар және библиография жасау;
- ғылыми семинарлар, ғылыми-тақырыптық конференциялар, симпозиумдар жұмысына қатысу;
- ғылыми және ғылыми-техникалық жарияланымдар дайындау.

Ұйымдастыру-басқару қызметі:
- ақпараттық жүйелерді құрумен және пайдаланумен байланысты өндірістік қызметтің сапасын басқару процестерін әзірлеу және енгізу;
- кәсіби этика кодексін сақтау
- өндірістік процестерді іске асыру үшін қажетті ғылыми-зерттеу қызметі мен ресурстарын жоспарлау;
- ақпараттық жүйелерді құрумен және пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет процестерінің сапасын бағалау және мониторингілеу әдістері мен тетіктерін әзірлеу.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерді талдау мен бағалауда жүйелі ойлау, зерттеу және практикалық міндеттерді шешу кезінде жаңа идеяларды тудыру. Ғылыми білім мен танымның мәнін түсінудегі әр түрлі авторлардың позициясын талдауды меңгеру керек
2. Физикалық жүйелердегі жаңа құбылыстардың мағынасын түсіндіруді логикалық модельдеу, бақылауларды мазмұнды сипаттау, дұрыс вербализациялау дағдыларын меңгеру Физикадағы танымдық аспектілерді анықтау: контекстуалды, жүйелілік, көпөлшемді, күрделілік және талдау, салыстыру және түсіндіру әдістерін қолдану
3. Ғылыми-зерттеу және оқыту үшін қажетті техникалық физика саласындағы терең білім. Сәулелендіру кезінде материалдардың құрылымы мен қасиеттерінің өзгеруіне талдау жүргізу және физикалық процестерді модельдеу үшін компьютерді пайдалану
4. Ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу үшін қажетті физика, радиофизика және дролық физиканың іргелі бөлімдерінің білімін еркін меңгеру қабілеті Қорытпалардағы фазалық тепе-теңдік диаграммаларын талдау және құру техникасын, қатты денеге қолданылатын термодинамикалық талдау және есептеу физикасы әдістерін меңгеру
5. Радиациялық ақаулардың кристалдардың физикалық қасиеттеріне әсерін талдау, сондай-ақ көлемді наноматериалдардың физикалық қасиеттеріне өлшемдік әсерлерді пайдалану білу Қазіргі заманғы қолданбалы физиканың және материалдарды модификациялаудың әртүрлі салаларында дағдыларға ие болу және білім беру процесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана білу
6. Фазалық және құрылымдық түрленудің сипатын анықтау үшін металлдар мен қорытпалардағы айналуларды дамытудың теориялық негіздерін, күй диаграммаларын меңгеру Жоғары технологияларды, жаңа материалдарды және жаңа технологиялық процестерді пайдалана отырып, жаңа зерттеу әдістерін өз бетінше меңгеру және алынған ақпаратты талдай білу
7. Белгісіздік факторын ескере отырып, тапсырмаларды дайындау және жобалық шешімдерді әзірлеу қабілеті Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қатысу, ғылыми өнімділік пен жариялау белсенділігін арттыру, ұлттық және халықаралық мәліметтер базасымен жұмыс істеу.
8. Қатты денелерде, оның ішінде өлшемдігі төмен жүйелерде байқалатын фазалық өту аймағында қазіргі заманғы кәсіби білімді меңгеру. Металдарды беріктендірудің және беріктендіретін жабындарды жағудың заманауи әдістерін қолдана білу
9. Физикалық процестерді автоматтандырылған талдау үшін деректерді өңдеу әдістерін және компьютерлік модельдеу негіздерін Металдар мен қорытпалардың құрылымы мен қасиеттерін кешенді ғылыми зерттеу методологиясын меңгеру
Модульдік оқу жоспары
Базалық пәндер Кәсіптік пәндер Қосымша оқу түрлері