Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық 7M05401 - Математика
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Ғылымның, техниканың және білім берудің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кең ауқымды есептерді шешу үшін математика саласында заманауи білімі бар ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау.

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

білім және ғылым саласы, ғылыми-өндірістік сала, әлеуметтік-экономикалық және мәдениет саласы.
Кәсіби қызмет объектісі:

оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ағарту, білім беру жүйесі, ғылыми зерттеу
Кәсіби қызмет түрлері:

педагогикалық қызмет;
жобалау қызметі;
ғылыми-зерттеу қызметі;
басқарушылық қызмет;
әдістемелік қызмет;
мәдени-ағартушылық қызмет.
Кәсіби қызметінің функциялары:

білім беру мекемелерінің математикалық дарындылық белгілері бар білім алушылардың білім алу қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін зерделеу және өңір қажеттіліктерін ескере отырып, алынған нәтижелер негізінде оларды оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың жеке бағыттарын жобалау;
математика ерекшелігін және оның жоспарланған салаларын көрсететін технологияларды пайдалана отырып, математикалық білім беру саласында дарынды балаларды, жасөспірімдер мен дарынды жастарды үздіксіз әдістемелік сүйемелдеу;
кәсіби өздігінен білім алу және тұлғалық өсуді жүзеге асыру, өзінің әрі қарай білім беру бағыты мен кәсіби мансабын жобалау;
нақты ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу кезінде зерттеу әдістері кешенін қолдану арқылы үздіксіз математикалық білім беру және білімнің аралас салаларындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдау, жүйелеу және қорыту,
қазіргі заманғы ғылым әдістерін, сондай-ақ ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдалана отырып, үздіксіз математикалық білім беру саласындағы ғылыми әдістемелік зерттеу нәтижелерін жобалау, ұйымдастыру, іске асыру және бағалау;
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерді талдау мен бағалауда жүйелі ойлау, зерттеу және практикалық міндеттерді шешу кезінде жаңа идеяларды тудыру. Кәсіби мәселелерді шешудің әдістері мен тәсілдерін таңдау, қажет болған жағдайда оларды өзгерту және жаңа әдістерді әзірлеу.
Математикалық және әдістемелік мазмұндағы ақпаратты іздеу, өңдеу және құрылымдау үшін математикалық пайымдауларды, есептеулерді құрудың логикалық ережелерін талдау.
2. Математикалық білімнің жалпы құрылымын түсіну, әртүрлі математикалық пәндер арасындағы өзара байланыс, бар білімдерді дұрыс білдіру және дәлелді негіздеу қабілеті; Қабылданатын басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттыру үшін математикалық модельдерді құру кезінде математикалық білімдер мен әдістерді салыстыру.
Алынған білімді ғылыми зерттеулер контекстінде идеяларды бірегей дамыту және қолдану үшін пайдалану.
3. Құбылыстар мен процестерді моделдеу құралымен математиканы әмбебап ғылым тілі ретінде меңгеруге дайын болуы; Білім беру және педагогикалық іс-әрекет кезінде жаңа проблемалар мен жағдайларды шешуде креативті ойлау және шығармашылықпен қарау.
Жүргізілетін зерттеулердің тақырыбына сәйкес қолданбалы математика және информатика саласындағы жаңа ғылыми нәтижелерді алуды, ғылыми әдебиетті қолдануды көрсету.
4. Математикалық есептер жүйесін оларды шешу құрылымының ұлғаймалы күрделілігі бойынша жобалау математикалық зерттеулер сапасының критерийлерін, ғылыми теорияларды эксперименталды және эмпирикалық тексеру принциптерін түсіну қабілеті; Физика, химия, биология, экономика, медицина, экология саласындағы қолданбалы міндеттерді шешу үшін ғылымды қажетсінетін математикалық аппарат пен қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдану.
5. Ғылымның заманауи әдістерін пайдалана отырып, ғылыми зерттеуді өз бетінше жүзеге асыруға дайын болуы; Ғылыми білім беру және зерттеу міндеттерінің нәтижелерін талдау және оларды нақты білім беру және зерттеу міндеттерін шешуде қолдану.
Модульдік оқу жоспары
Базалық пәндер Кәсіптік пәндер Қосымша оқу түрлері