Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық 7M07107 - Көлік, көліктік техника және технологиялар
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Білім алушыларға көлік техникасын жобалау, жасау және пайдалану процестерін басқару, эксперименттік және ғылыми зерттеулер жүргізу, көлік саласы үшін техникалық мамандар даярлау бойынша білім, білік және практикалық дағдыларды қамтитын көліктік машина жасау зауыттарына, көлік кәсіпорындары мен техникалық оқу орындарына бағытталған жоғары сапалы білім беру

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Көлік техникасын өндіру;
Көлік техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
Көлік саласы үшін мамандар даярлау
Кәсіби қызмет объектісі:

Өмір циклінің барлық сатыларындағы көлік техникасы
Кәсіби қызмет түрлері:

Ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, құрастыру, жобалау, дайындау, сынау, техникалық қызмет көрсету, көлік техникасын жөндеу
Кәсіби қызметінің функциялары:

1. Директор (Басқарушы):
1.1. Кәсіпорынның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне заңнамаға сәйкес басшылық ету;
1.2. Кәсіпорынды стратегиялық басқару және жалпы басшылық ету;
1.3. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін ұйымдастыру;
1.4. Кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау жөнінде шаралар қабылдау.
1.5. Кәсіпорын қызметінің нәтижелерін ұйымдастыру және бақылау
2.1. Құрастырудағы техникалық саясатты және көлік техникасы дизайнының техникалық даму бағытын анықтайды;
2.2. Көлік техникасының жаңа модельдерін құрастыру және жобалау процесіне басшылық етеді;
2.3. Көлік техникасының жаңа модельдерін өндіру және сервистік қолдау үшін технологиялық жабдықтарды құрастыруға және жобалауға басшылық етеді.
3. Бас технолог:
3.1. Құрастырудағы техникалық саясатты және көлік техникасы дизайнының техникалық даму бағытын анықтайды;
3.2. Көлік техникасының жаңа модельдерін жасаудың технологиялық процестерін әзірлеуге басшылық етеді;
3.3. Көлік техникасын дайындаудың технологиялық процестерін дайындау, іске қосу, баптау және басқару процестеріне басшылық етеді
4. Бас инженер:
4.1. Кәсіпорынның техникалық саясаты мен техникалық даму бағытын анықтайды;
4.2. Тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) өндірістік қызметіне басшылықты және оның тиімділігін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
4.3. Өндірістің техникалық дайындығының қажетті деңгейін және оның тұрақты өсуін қамтамасыз етеді;
4.4. Кәсіпорынның көлік техникасын пайдалану және жөндеу процестерін басқаруды жүзеге асырады
4.5. Кәсіпорынның көлік техникасы паркін басқаруды жүзеге асырады
5. Бас механик:
5.1. Көлік техникасының жарамды күйін қамтамасыз ету процесіне басшылық етеді
5.2. Көлік техникасын өндіру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін технологиялық жабдықтың жарамды күйін қамтамасыз ету процесіне басшылық етеді
6. Колледж, ЖОО оқытушысы:
6.1. Білім алушыларға "Автокөлік құралдары" (ЖОО) білім беру бағдарламаларының тобы бойынша бейіндік пәндерді оқыту
6.2. "Автокөлік құралдары" (ЖОО) білім беру бағдарламаларының тобы бойынша білім алушылардың курстық және дипломдық жобаларына, ғылыми-зерттеу және сараптамалық жұмыстарына басшылық ету
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Мәселелерді талдау және ғылыми зерттеулердің міндеттерін шешу Ғылыми зерттеудің пәнін, объектісін, мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қатысу, құбылыстар мен процестерді талдау, заңдылықтар мен тенденцияларды, олардың адам мен қоғамның дамуына әсерін бағалау
2. Психологияны есепке ала отырып, персоналмен және шетелдік серіктестермен коммуникация дағдыларын меңгеру, техникалық және нормативтік құжаттаманы түпнұсқа тілінде пайдалану Адам ресурстарын басқару, лингвистикалық кедергілерді еңсеру, ақпарат алмасуды жүргізу
3. Автокөлік техникасының жұмыс істейтін конструкцияларын зерттеу және жасау Заманауи автокөлік техникасының ғылыми негізделген конструкцияларын жасау және жобалау, олардың өнімділігін зерттеу және материалдардың төзімділігін бағалау
4. Эксперименттерді жоспарлау және көлік техникасының күштік қондырғыларын зерттеу Көлік техникасының күштік қондырғыларының тиімділігін бағалау, сараптама жүргізу дағдыларын тәжірибеде қолдану
5. Көлік техникасын өндіру технологиясын талдау, оның сапасын сынау әдістерімен бағалау, көлік техникасын диагностикалау және сервис дағдыларын қолдана білу Көлік техникасын өндіру технологиясын талдау, оның сапасын сынау әдістерімен бағалау, көлік техникасын диагностикалау және сервис дағдыларын қолдана білу, көлік құралдарын сертификаттау рәсімдерін іске асыру
6. Көлік техникасын пайдалануды жүзеге асыру және оның дамуын болжау Көлік техникасының көрсеткіштерін болжау, көлік техникасын пайдалану және инновациялық қызмет жоспарларын іске асыру дағдыларын қолдану
Модульдік оқу жоспары
Базалық пәндер Кәсіптік пәндер Қосымша оқу түрлері