Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Калиева Канша Саветкановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Мемлекеттің біртұтас сипатын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады. Қазақстан қоғамының алға қойған мақсаттарының сәтті жүзеге асырылуы үшін рухани негіз ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізделетін қоғамдық сананы жаңғыртудың механизмдерін айшықтап береді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Қазақстан Тарихы. Мектеп курсы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны мемлекеттік емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны ауызша (билет бойынша)

Компонент: Міндетті компонент

Цикл: Жалпы білімдік пәндер

Мақсат
  • Қазақстанның қазіргі заман тарихының негізгі тарихи кезеңдері туралы шынайы, толық білім беру; мемелекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, тарихи-мәдени үдерістердің үздіксіздігі мен сабақтастығына білім алушылардың назарын аудару
Міндет
  • Ғылыми көзқарасты қалыптастыру және азаматтық ұстанымды қалыптастыратын, қазіргі заманғы тарихының негізгі тарихи білімдерді жүйелендіру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білім және түсіну әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Білім мен түсінуді қолдану. Өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Пайымдауларды қалыптастыру. Пайымдауларды күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Коммуникативті қабілетті иемдену. Коммуникативті қабілетті топта жұмыс істей білу, кіші топтың жұмысын ұйымдастыру
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Оқу үрдісінде оқыту дағдыларын пайдалану