Деректерді анализдеу модельдері мен әдістері
Вайс Юрий Андреевич
Сипаттама: Курста сызықтық, сызықты емес және бүтін санды бағдарламалау есептері, транспорттық есептер, қолданбалы регрессиялық талдауды қолдану арқылы есептер, көп кезеңді операцияларды желілік жоспарлау, кездейсоқ процестер теориясының элементтері және жаппай қызмет көрсету жүйелері, динамикалық бағдарламалау оқытылады. Пәнді оқу деректерді талдау, әртүрлі есептерді математикалық модельдеу және оларды шешу әдістерін оңтайлы таңдау үшін қажетті білім береді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Математика 3
- Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | |
Зертханалық жұмыстар | 30 |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- студенттерде деректерді талдаудың модельдері мен технологиялары және оларды қолдану туралы жүйелі түсініктері бар мамандарды даярлау
Міндет
- әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді талдау мен болжауда компьютерлік технологияларды практикалық қолдану дағдыларын қалыптастыру
- заманауи деректерді талдау тұжырымдамасы мен технологиясын меңгеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- практикалық жағдайларда талдау әдістерін таңдаудағы мәселелерді шеше отырып, ұйым қызметін зерттеу үшін деректерді талдау әдістері туралы білімдерін көрсету
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- практикалық жағдайда деректерді талдау әдістерін таңдау тапсырмаларын тәуелсіз шешу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- деректерді талдау әдістері мен алгоритмдеріне байланысты мәселелер бойынша пайымдауды дұрыс қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- командада жұмыс істеу, әртүрлі мәселелерді математикалық модельдеу мен деректерді талдау әдістерін оңтайлы таңдауға байланысты кәсіби диалогтар құру
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- қажетті ақпаратты жинауға, оны жүйелеуге және жалпылауға, алған білімдерін деректерді талдау әдістері мен модельдерін таңдауда қолдану
Негізгі әдебиет
- Бахвалов Л.А. Компьютерное моделирование: долгий путь к сияющим вершинам [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://www.gpss–forum.narod.ru/GPSSmodeling.html, свободный.
- Большаков А. С. Моделирование в менеджменте: учеб. пособие. – М.: Филинъ, 2010.
- Бешенков С. А. Моделирование и формализация: методическое пособие. – М.: Лаборатория базовых знаний, 2012.
Қосымша әдебиеттер
- Докукин В. П. Основы математического моделирования: Конспект лекций. Санкт-Петербургский ГГИ. – М.: Дело, 2017.
- Волчков С., Балахонова И. Бизнес-моделирование для совершенствования деятельности промышленного предприятия // ЦИТ «Платон» "КомпьютерПресс". 2001. №11.