1С платформасында Ақпараттық жүйелерді әзірлеу

Котлярова Ирина Александровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән 1С: Предприятие 8.3 платформасының объектілері мен механизмдерімен жұмыс істеу туралы негізгі түсінік береді, 1С жүйесінің типтік шешімдерінің мүмкіндіктерін қарастырады, 1С платформасында жүйелерді жобалау саласындағы заманауи тенденцияларды қолдана отырып 1С жүйесінде конфигурациялау мен бағдарламалаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Ақпараттық жүйелерде деректер базасы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқытудың мақсаты нақты мәселелерді шешу үшін 1C: Предприятие 8.3 платформасында жаңа қолданбалы шешімдерді әзірлеу және даяр қолданбалы шешімдерді өзгерту дағдылары бар мамандарды даярлау болып табылады.
Міндет
  • технологиялық платформа, негізгі объектілер және механизмдермен танысу
  • қолданбалы есептерді шешуге арналған бағдарламалық прототиптерді құру дағдыларын алу
  • 1С: Предприятие 8.3 негізінде бағдарламалық өнімдермен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын алу, есептерді өзгерту, 1С: Предприятие типтік конфигурацияларына сұраныстар құру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • 1С технологиялық платформасы, конфигурацияның негізгі объектілері бойынша білімді көрсету
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • конфигурацияны өзгерту, клиенттердің сұраныстарын түсіну және оларды 1С бағдарламасында жүзеге асыру
  • 1С:Предприятие платформасында типтік шешімдермен жұмыс істеу
  • 1С кіріктірілген тілінде бағдаламалау дағдысын көрсету
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • қолданбалы шешімдерді әзірлеу сұрақтары бойынша пайымдаулар қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • командада жұмыс жасау, өз көзқарасын дұрыс қорғау, мәселелі жағдайларда жаңа шешімдер ұсыну
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • қажетті ақпаратты жинау, оны жүйелеу және жалпылау, алған білімдерін практикада қолдану
Негізгі әдебиет
  • М.Г. Радченко 1С:Предприятие 8.2. Практическое пособие разработчика.- Москва.: ООО «1С-Паблишинг», 2009 г.
  • А. П. Габец, Д. И. Гончаров Простые примеры разработки.- М.: ООО «1С-Паблишинг», 2008 г.
Қосымша әдебиеттер
  • Хрусталёва Е.Ю. Разработка сложных отчётов в "1 С: Предприятие 8". Система компоновки данных / Е.Ю. Хрусталёва - 2-е изд. - М.: 000 "1С-Паблишинг", 2012. - 484 с.
  • Хрусталева Е.Ю., Радченко М.Г. Язык запросов "1С: Предприятия 8" / Е.Ю. Хрусталева, Радченко М. Г.: 000 "1 С-Паблишинг", 2013. - 358 с.