Ақпараттық процестерді моделдеу

Котлярова Ирина Александровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән ақпараттық жүйелерді моделдеу теориясының іргелі негіздерін және оларда өтетін үдерістерді, компьютерлік модельдерді жасау әдістемесін, UML тілін және оның құрылымын қарастырады. Модельдеудің қазіргі заманауи аспаптық жүйелерімен жұмыс туралы түсініктерін қалыптастырады

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Әр түрлі жүйелердегі ақпараттық үдерістерді модельдеу әдістемесі мен технологиясын меңгерген мамандарды даярлау.
Міндет
  • жүйелік талдау әдістері мен модельдеу туралы түсініктер қалыптастыру
  • ақпараттық үдерістерді модельдеудің негізгі тілдерімен таныстыру
  • ақпараттық үдерістердің модельдерін әзірлеудің әдістемесімен меңгеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • ақпараттық үдерістерді жүйелік талдау және модельдеу әдістері туралы білімдерін көрсету
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • даярлау профиліне сәйкес объектілер мен үдерістерін ақпараттық сипаттауға арналған құралдарды игеру
  • қолданбалы есептерді шешуде талдау және модельдеу әдістерін қолдану
  • Visual UML және Bpwin құралдарын қолдана отырып әртүрлі санаттағы жүйелер модельдерін тұрғызу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • ақпараттық үдерістердің құрылымы, құрамы және қасиеттері туралы пайымдауды қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • командада жұмыс істеу, өз көзқарасынқорғау, ақпараттық үдерістер мен жүйелерді сипаттау және талдау әдістері бойынша жаңа шешімдер ұсыну
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • қажетті ақпаратты жинау, оны жүйелеу және жалпылау, алған білімді ақпараттық үдерістерді модельдеуде пайдалану