BPM-жүйеле

Уркумбаева Алия Муратовна

Оқытушының портфолиосы

Землянухин Николай Сергеевич

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пәннің мақсаты кәсіпорындарда бизнес-үдерістерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін іске асыру, енгізу және пайдалану үшін қажетті құзыреттілікті қалыптастыру болып табылады. BPM әдіснамалық және технологиялық аспектісі, BPMS жұмыс істеу принциптері (BPMS компоненттері және олардың бизнес-үдерістің өмірлік циклінің сатыларымен арақатынасы), BPM класының өнімдері, корпоративтік жүйелердің практикалық интеграциясы мәселелері қарастырылады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Ақпараттық жүйелердің бағдарламалық құралдары

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • BPM-жүйелерінің негізгі функционалын, кәсіпорынның бизнес-процестерін басқару жүйелерінің қызметі мен тұжырымдамалары бойынша білімді қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Кәсіпорынның бизнес-процестерін құрудың тетіктері, BPM жүйелерінің қолданбалы шешімінің мақсаттары мен мүмкіндіктері туралы жан-жақты білім.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Бағдарлама бойынша негізгі күйге келтіруді, нормативтік-анықтамалық ақпаратты қолдану, негізгі операцияларды тіркеу, негізгі есептерді құрастыру.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Студенттерге кәсіпорынның бизнес-процестерінің мақсаттары және қолданбалы шешімдер көмегімен процесті басқару мүмкіндіктері туралы толық түсінік беруге мүмкіндік беретін пайымдауды қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Студенттер бағдарламалау арқылы мәселелерді шешуде топтық жұмыста қажетті коммуникациялық дағдыларды - ақпаратты қабылдау және тарату, кәсіби идеяларды дамыту және тарату, талқылау, мәселелерді талдау және шешім табу қабілеттерін игеруі керек.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ғылыми-техникалық ақпараттарды жүйелі жинауды, Интернеттегі, ғылыми және мерзімді әдебиеттердегі зерттеу тақырыптары бойынша отандық және шетелдік тәжірибені талдай алу