Басқару есебі

Нурекенова Эльвира Собетоллаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Басқару есебі кәсіпорын қызметінің ішкі басқару стратегиясы және тактикасын жасау үшін информациямен қамтамасыз етеді. Басқару есебінің өзіне тән айырықша белгілері, әдістері, тәсілдері және жүргізу принциптері бар. Ол экономикалық білімнің ерекше саласы болып табылады.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Кәсіпорын, ұйымдардың менеджерлерін жоспарлау, бақылау, талдау және басқару шешімдерін қабылдау, ынталандыру жататын басқару қызметін жүзеге асыру үшін экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Міндет
  • Студенттерді басқару есебін ұйымдастырудың отандық және шетелдік тәжірибесімен таныстыру, кәсіпорынның жеке жауапкершілік орталықтарының операциялық қызметін басқару сұрақтары бойынша студенттерге терең білімді қалыптастыру
  • Өнімнің (жұмыс,қызмет) өзіндік құнын калькуляциялаудың әдістері, бюджеттеу технологиясы, субъекті қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған экономикалық негізделеген басқарушылық шешімдерді қабылдап білу
  • использование информации управленческого учета для принятия обоснованных управленческих решений.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Басқару есеп жүйені ұйымдастыру принциптері мен құрамын білу
  • Басқару есептің тұжырымдамалары мен негізгі қағидаларын білу, соның ішінде шығындардың жіктелуін, өндірістік шығындар есебінің әдістерін және өнімнің өзіндік құнын есептеу калькуляциялау түрлерін
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Жұмыс тәжірибесінде басқару есебін ұйымдастыруды
  • Жоспарлау мен есепте өлшеудің біркелкі бірліктерін пайдалану
  • Тұтас субъект және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметтік нәтижелері мен шығынды бағалау және талдау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Алғашқы және аралық деректерді жинау, өңдеу, тапсыру процесінде оларды сабақтастырып жиі пайдалану
  • Кәсіпорынның ішкі басқарушылық есептемесін дайындау
  • Басқарушылық есептемені талдау барысында алынған нәтижелерді экономикалық тұрғыдан бағалап, оларды кәсіпорынның жағдайын жақсартуға ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды жасау үшін пайдалану
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Топта жұмыс істеуге қабілетті, өз ой топшылауын сауатты дәлелдей алады, жаңа шешімдер ұсынады, келісім таба алады, өз ойын коллектив ойымен салмақтайды
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдер алу машығын алады және білімін магистратурада жалғастырады.
  • Кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылады
Оқыту әдістері

интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу);

берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру;

ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар);

іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі);

оқу есептерді шығару.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Презентация, эссе дайындау 0-100
Есептер шығару, практикалық жағдайларды талдау
Кейс шешу, практикалық жағдайларды талдау
Тестілеу
Коллоквиум
2  рейтинг Есептер шығару, практикалық жағдайларды талдау 0-100
Есептер шығару, іскерлік ойын
Кейс шешу, практикалық жағдайларды талдау
Тестілеу
Коллоквиум
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Басқару есебі туралы жалпы түсінік
  • Басқарушылық есептегі шығындарды жіктеу
  • Өндірістік шығындарды есепке алуды ұйымдастыру
  • Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын есептеудің Тапсырыс әдісі
  • Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын есептеудің процесс әдісі
  • Шығындарды толық бөле отырып және ауыспалы шығындар бойынша өзіндік құнның калькуляциясы (тікелей-костинг) шығындарды толық бөле отырып өзіндік құнның калькуляциясы: өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнының құрамындағы тікелей және жанама шығындарды есепке алу
  • Кешенді өндіріс шығындарын бөлу әдістері
  • Өзіндік құнның функционалдық калькуляциясы
  • Нормативтік шығындар бойынша шығындарды есептеу және ауытқуларды талдау
Негізгі әдебиет
  • Басова А.В. Бухгалтерский (управленческий) учет: Учебное пособие / А.В. Басова, А.С. Нечаев и др. - М.: Инфра-М, 2017. - 393 c
  • Друри, К. Управленческий и производственный учет: Учебный комплекс / К. Друри. - М.: Юнити, 2019. - 224 c.
  • Серебрякова Т.Ю. Бухгалтерский и управленческий учет. Лабораторный практикум: Учебное пособие. - М.: Инфра-М, 2017. - 128 c.
  • Лысенко, Д.В. Бухгалтерский управленческий учет: Учебник / Д.В. Лысенко. - М.: Инфра-М, 2017. - 32 c.
  • Вахрушина М.Д. Бухгалтерский управленческий учет. Учебник. — М.: Национальное образование, 2018. — 672 с.
Қосымша әдебиеттер
  • Этрилл, П. Финансовый менеджмент и управленческий учет для руководителей и бизнесменов / П. Этрилл, Э. Маклейни. – 6-е изд. – М. : Альпина Паблишер, 2020. – 648 с.
  • Кондраков Н.П. Бухгалтерский управленческий учет: учебное пособие - Москва: Проспект, 2018. - 352 с.
  • Керимов В.Д. Бухгалтерский управленческий учет. Учебник. — М.: Дашков и Ко, 2019. — 484 с.