Үймереттер мен ғимараттардың инженерлік жүйелері

Колпакова Валентина Павловна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: "Ғимараттар мен құрылыстардың инженерлік жүйелері" пәні студенттердің елді мекендерді сумен жабдықтау, канализация, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау саласындағы теориялық білім негіздерін зерделеуді және игеруді көздейді. Су құбырының, канализация, жылумен жабдықтаудың, ғимараттарды желдетудің ішкі жүйелерін зерттеу.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан.

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Студенттерде өмір сүру немесе жұмыс істеу үшін қолайлы және экологиялық қауіпсіз климатты қамтамасыз ететін сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау, елді мекендер мен ғимараттарды жылумен жабдықтау жүйелерін есептеу және жобалау мәселелерінде кәсіби білім мен дағдыларды қалыптастыру.
Міндет
  • "Үймереттер мен ғимараттардың инженерлік жүйелері" пәнін оқытудың міндеттері - үй-жайлардың санитарлық-гигиеналық жағдайы тәуелді болатын тұрғын және қоғамдық ғимараттарды абаттандыру элементтері ретінде инженерлік жүйелер туралы түсінік қалыптастыру, Инженерлік жүйелер жұмысының үздіксіздігі, сенімділігі мен қауіпсіздігі туралы білім алу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • ғимараттарды, қалалардың тұрғын аудандарын сумен жабдықтау, канализация, газбен жабдықтау, жылумен жабдықтау және желдету желілері мен жүйелерінің құрылысы туралы негізгі ұғымдарды білу;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Пәнді оқу кезінде алған білімдерін тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жобалау кезінде, сондай-ақ қала құрылысында қолдану мүмкіндігі
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Инженерлік желілерді жобалаудың ерекшеліктері туралы олардың үймереттерде алатын орны туралы ой пікір қалыптасады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кәсіптік еңбек бөлінісін ескере отырып, жобалау процесінде сабақтас мамандардың мамандарымен жұмыс істеу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Жобаланған объектілердің құрылысына авторлық қадағалауды білікті жүзеге асыру мүмкіндігі
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді: - Қызметті жандандыру әдістері: пікірталас; командада жұмыс істеу; - озық СӨЖ; - жеке оқыту; - тәжірибе негізінде оқыту; - проблемалық оқыту; - іздеу әдісі; - зерттеу әдісі;

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Қабат және жер төле жоспары. Су таратушы құбырларды жүргізу. 0-100
Ішкі суық су құбыры желісінің аксонометриялық сұлбасын тұрғызу
Ішкі су құбырының гидравликалық есебі. Енгізу құбырына қажетті арынды анықтау.
СӨЖ 1-2
Рубеждік тест 1
2  рейтинг Ішкі канализация желісін жер төле жоспарында жүргізу. Ішкі канализация желісінің аксонометриялық сұлбасын тұрғызу. 0-100
Ішкі канализация желісінің гидравликалық есебі.
СӨЖ 3
Рубеждік тест 2
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Суық су құбыры жүйесінің жіктелуі
  • Ішкі су құбыры желісінің сұлбалары
  • Биік үймереттердің аймақтық сумен қамту жүйесі
  • Қарапайым және автоматты өрт өшіру жүйелері
  • Ыстық сумен қамту жүйесі құрылымының еріктері
  • Суық және ыстық су шығындарын анықтауға арналған су есептегіштер
  • Үймереттің ішкі канализация жүйесінің жіктелуі
  • Ішкі канализация жүйесін құрастыруға арналған фасондық бөлшектер
  • Шығару құбырларында лас суды тазартуға арналған жергілікті қондырғылар
  • Ішкі суағарлардың аксонометриялық сұлбалары
  • Жылыту жүйесі туралы жалпы түсінік
  • Негізгі ұғымдар
  • Ауаны бапатау жүйесі
  • Ішкі газбен қамту
  • Ішкі қоқысты жою жүйесінің сұлбасы және элементтері
Негізгі әдебиет
  • 1 Певной П.А. Современное здание. Инженерные системы – М: 2006 г. 2 Горбов А.М. Справочник сантехника, 2006 3 Инженерные сети. Оборудование зданий и сооружений: учебник/ред.Ю.П. Соснин. М.: 2002 г. 4 Николаевская И.А. Инженерные сети и оборудование территорий, зданий и стройплощадок. М.: 2005 г. 5 Справочник современного инженера жилищно-коммунального хозяйства под ред. Л.Р. Маиляна.- Ростов на Дону, 2005 г. 6 Варфоломеев Ю.М. Санитарно-техническое оборудование зданий.- М.: 2007 г.
Қосымша әдебиеттер
  • 7. СНиП РК 4.01-41-2006 Внутренний водопровод и канализация зданий 8. СНиП РК 4.01-02-2009 Водоснабжение. Наружные сети и сооружения 9. СНиП 2.04-03-85 Канализация . Наружные сети и сооружения. 10. МСН 4.02-02-2004 Тепловые сети 11. СНиП 2.04.08-87* Газоснабжение.