Жол торабының көліктік-пайдаланымдық көрсеткіштері

Алимгазин Бакытбек Токенович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Көліктің пайдалану көрсеткіштерінің әсерін, жолдардың көлік және пайдалану мәртебесін көтеруді, көзбен қарап тексеру және аспаптық зерттеулерге негізделген жолдардың құрылымдық элементтерінің жай-күйін, сондай-ақ қозғалыс тәртібінде, қозғалыс қауіпсіздігінде қоршаған орта әсерін зерттейді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Жер төсемені салу технологиясы мен ұйымдастырылуы
  • Автожолдарын пайдалану

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 75
СӨЖ 30
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • «Жол торабының көліктік-пайдаланымдылық көрсеткіштері» пәнінің негізгі максаты жолды жобалау және пайдалану кезіндегі жол қауіпсіздігі және қауіпсіздікті ұйымдастыру шараларын дамыту тәсілдері мен принциптерін жеткізу. Пәннің негізгі бөлімі болып автомобиль жолын зерттеу және жол қозғалысы мен оның көлікті пайдалану сипаттамалары туралы деректерді жинау саналынады. Пәнді оқыту кезінде студент жол шарты мен қозғалыс тәртібінің көліктерге әсерін теориялық жағынан түсініп, жол қызметкерлері көмегімен жол жағдайының қозғалыс қауіпсіздігі мен тәртібіне жағымсыз әсерін төмендету.
Міндет
  • Білім алушылар білуі тиіс: - жол шарттарының қозғалыс қауіпсіздігіне әсерін; - жол элементтерінің қозғалыс қауіпсіздігіне әсерін; - автомобиль жолының пайдалану жағдайы мен оның автомобиль қозғалысына қойылатын талаптарға сәйкес келуін дұрыс бағалауды; - қозғалыс қауіпсіздігі бойынша автомобиль жолдарын бағалау тәсілдерін; - апат қауіпсіздігі коэффициенті мәні бойынша қозғалыс қауіпсіздігін есептеуді; - қозғалыс қауіпсіздігі коэффициенті мәні бойынша қозғалыс қауіпсіздігін есептеуді; - қозғалыс қауіпсіздігіне қойылатын заманауи талаптарға сәйкес жол шарттары мен автомобиль жолының көліктік пайдалану көрсеткіштерін талдауды; - қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды жобалауды.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Инженерлік бағытқа арналған техникалық ғылым аумағында алынған базалық және арнайы білімді жұмыста қолдана білу қабілеттілігінің болуы
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Теориядан алынған жолды салу, жөндеу қайта жаңарту кезінде қозғалыс қауіпсіздігін сақтау әдістері мен тәсілдерін тәжірибеде қолдана білу қабілеттілігі, өзінің білетін жақтары мен кемшіліктерін дұрыс бағалай білу, сынақтар жүргізуді және сынақтар нәтижелерін өңдей білу,
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қабылданған шешімдерге техникалық экономикалық негіздеу жүргізуді, жұмыстарды жоспарлауды білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Талаптарға сәйкес құжаттар толтыруды, жол қауіпсіздігін сақтау шараларын жасай білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Отандық және шетелдік тәжірибелерге, ғылыми техникалық ақпараттарға негізделген тәсілдерді қолдана отыра инновациялық жобаларға қатысу қабілеттілігінің болуы
Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг глава1 0-100
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Негізгі әдебиет
  • 1. Эксплутация автомобильных дорог: учебное пособие для автодорожных вузов / А.К. Киялбаев, С.Н. Киялбай – Москва-Алматы: МАДО, КазАДИ, 2017. – 342 с. 2. Строительство автомобильных дорог: учебник / коллектив авторов; под ред. В.В. Ушакова и В.М. Ольховикова. – М. : КНОРУС, 2013. – 576 с. 3. Говердовская Л.Г. Инновационные технологии в дорожной отрасли [Электронный ресурс]: учебное пособие/ Говердовская Л.Г.— Электрон. текстовые данные. — Самара: Самарский государственный архитектурно-строительный университет, ЭБС АСВ, 2014. — 166 c.— Режим доступа: http://www.iprbookshop.ru/29787. – ЭБС «IPRbooks» 4. Реконструкция автомобильных дорог: учебное пособие/ И.Н. Папакин. – Омск: СибАДИ, 2013. – 84 с. 5. Реконструкция автомобильных дорог/ Васильев А.П. и др. Учебник для вузов. - М., Издательство АСВ, 2015. – 848с.