Инженерлік механика және материалдар кедергісі

Байзакова Гульмира Абылгазиновна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Берілген курста статиканың негізгі ұстанымдары қарастырылады, статикалық анықталатын жүйелерді созылу мен сығылуда, беріктік пен қатаңдыққа есептеулер жүргізіледі, геометриялық сипаттамалар, ығысу, түзу сырықтардың иілуі, құрылым элементтердің тұрақтылығы.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Математика 2

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • «Инженерлік механика және материалдар кедергісі» пәнің игерудің мақсаты – жаратылыстану және инженерлік механика саласындағы іргелі білімі бар мамандарды инженерлік және құрылыс саласындағы жұмыс үшін дайындау.
Міндет
  • Пәнді оқутыдың міндеттері: - табиғатта және технологияда математикалық модельдер құру дағдыларын игеру және табылған шешімдерге аналитикалық талдау жасау; - ғимараттар мен құрылыстардың элементтерін беріктікке, қатаңдылыққа және орнықтылыққа есептеу; - құрылымдық материалдардың механикалық қасиеттерін зерттеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Инженерлік қызметтің теориялық негіздерінің жағдайы мен даму перспективалары, осы пәннің инженерлік практикадағы маңызы.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Бұралу кезінде иілуді есептеудің әдістері, құрылымдық элементтердегі ішкі күштерді, кернеулер, деформациялар мен орын ауыстыруларды анықтайтын мысалдарды қолдана отырып, статикалық анықталмаған есептерді есептеу әдістері.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Әр оқушыдан өз мамандығы бойынша қалыптасқан пікірі болуы қажет.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Сөйлесулер жүргізіп - кез-келген тілде диалог құрып, сөйлеу этикетінің ережелерін қолдану.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Нақты өндірістік жағдайда технологиялар мен бұйымдар мен конструкциялар материалдарының қасиеттерін оңтайландыру бағыттарын таңдау қағидаттарын қалыптастыру.