Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау

Емельянова Мария Геннадьевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пәннің курсы әртүрлі типтегі тапсырмаларды Visual Studio бағдарламасында .NET консольдік қосымшасында алгоритмдеу, бағдарламалау мәселелерін қарастырады. Алгоритмдерді құру негіздері, C # программалау тілінің негіздері, сонымен қатар құрылымдар мен мәліметтерді өңдеу алгоритмдері оқытылады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Информатика. Мектеп курсы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқытудың мақсаты әртүрлі қолданбалы есептерді шешу кезінде консольдық қосымшада C# тілінде алгоритмдеу және бағдарламалау негіздерін білетін мамандарды дайындау тұрғысынан модульдік білім беру бағдарламасының мақсаттарымен сәйкес келеді.
Міндет
  • есептеу процестерін алгоритмдеудің заманауи негіздерін және Visual Studio ортасында .NET консольдік қосымшасында C# тілінде бағдарламалау негіздерін оқу;
  • болашақ мамандарға алгоритмдеу және бағдарламалау саласындағы құзыреттіліктерді қалыптастыру;
  • Visual Studio мысалында негізінде білім алушылардың заманауи құралдарды пайдалану дағдыларын дамыту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • әртүрлі есептерді шешу алгоритмдерін құру, C# тілінде бағдарламалау білімін көрсету.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Visual Studio ортасында консольдік қосымшаларды әзірлеу үшін білімді пайдалану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • тапсырмаларды өз бетінше шешу, нәтижелерді талдау, қорытынды жасау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • топта жұмыс істеуге қажетті коммуникативтік дағдыларды дамыту.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • кәсіптік қызметте қажетті жаңа білімді игеру, бағдарламалау саласында жетілдіру мүмкіндіктері
Оқыту әдістері

проблемалық және жобалық-бағдарлы оқыту технологиялары; ақпараттық-коммуникациялық (қашықтықтан оқытуды қоса алғанда) технологиялар.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг 1 зертханалық жұмыс 0-100
2 зертханалық жұмыс
3 зертханалық жұмыс
1 аралық бақылау
2  рейтинг 5 зертханалық жұмыс 0-100
5 зертханалық жұмыс
6 зертханалық жұмыс
2 аралық бақылау
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Зертханалық жұмысты орындау зертханалық жұмысты толық және талапқа сай орындайды, жұмысты орындауға байланысты оқытушының барлық сұрақтарына жауап береді жұмысты толық орындады, бірақ қате немесе кемшіліктері бар, ол өзі түзете алады немесе мұғалімнің ұсыныстары арқылы жұмыстың 50%-дан астамын орындады, бірақ барлық зертханалық жұмыстардың мәнін түсінеді. Орындалған жұмысқа байланысты мұғалімнің сұрақтарына жауап береді жұмысты толық орындамайды, мұғалімнің сұрақтарына жауап беруге қиналады, көптеген қателер мен кемшіліктер жібереді
Бақылау сұрақтары бойынша сұхбат теориялық білімін көрсетеді, еркін сөйлейді, терминологияны қолданады, нақтылау сұрақтарына жауап береді теориялық білімін көрсетеді, еркін сөйлейді, терминологияны қолданады, жауап бергенде болмашы қателіктер жібереді Теориялық білімі таяз, еркін түсіндіре алмайды, терминологияда жаңылысады, өз бетімен түзете алмайтын қателіктер жібереді теориялық білімі жоқ, терминологияны білмейді, өрескел қателіктер жібереді
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • C# бағдарламалау тіліне кіріспе
  • C# бағдарламалау тілінің қарапайым операторлары
  • C# программалау тілінің күрделі операторлары
  • Циклдік процестердің алгоритмдері мен блок-схемалары, цикл операторлары
  • Массивтер
  • Массивтерді өңдеу алгоритмдері
  • Класс әдістері
  • Жолдық айнымалылар
  • Көпөлшемді массивтер
  • Құрылымдар
  • Ерекше жағдайлар
Негізгі әдебиет
  • Пахомов Б. И. C# для начинающих. – СПб.: БХВ-Петербург, 2014. – 432 с.: ил.
  • Мюллер, Джон Пол, Семпф, Билл, Сфер, Чак. С# для чайников.: Пер. с англ. – СПб.: ООО "Диалектика", 2019. – 608 с. : ил.
  • Евдокимов П. В. C# на примерах. 4-е издание (переработанное и обновлённое) – СПб.: Наука и Техника, 2019. – 320 с., ил.
  • Албахари, Джозеф, Албахари, Бен. C# 7.0. Справочник. Полное описание языка.: Пер. с англ. – СпБ.: ООО "Альфа-книга", 2018. – 1024 с. : ил.
  • Васильев В.Н. Основы программирования на языке C#: учебное пособие / Васильев В.Н.. — Волгоград: Волгоградский институт бизнеса, 2010. – 70 c. – ISBN 978-5-9061-7234-1. – Текст: электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART: [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/11341.html
  • Мейер, Б. Инструменты, алгоритмы и структуры данных: учебное пособие / Б. Мейер. – 4-е изд. – Москва: Интернет-Университет Информационных Технологий (ИНТУИТ), Ай Пи Ар Медиа, 2025. – 540 c. – ISBN 978-5-4497-0875-5. – Текст: электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/146347.html
Қосымша әдебиеттер
  • Троелсен, Эндрю, Джепикс, Филипп. Язык программирования C# 7 и платформы .NET и .NET Core, 8-е изд. : Пер. с англ. – СПб. : ООО "Диалектика", 2018 – 1328 с. : ил.
  • Прайс Марк Дж. C# 7 и .NET Core. Кросс-платформенная разработка для профессионалов. 3-е изд. – СПб.: Питер, 2018. – 640 с.: ил.