Операциялық жүйелер, орта және қабықтар
Сипаттама: Пән көп тапсырмалы ОЖ (Windows, Linux) жұмыс істеу принциптері мен архитектурасын, негізгі командалар мен интерфейстер жиынтығын, орталар мен қабықшаларды қарастырады. Операциялық жүйелерді орнату, конфигурациялау және сүйемелдеу, дербес компьютер ресурстарын және пайдаланушылардың есептік жазбаларын басқару, ресурстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті білім мен іскерлікті қамтамасыз етеді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Информатика. Мектеп курсы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Заманауи операциялық жүйелердің архитектурасын білетін және өз білімін бағдарламалық және техникалық құралдарды орнатуға және сүйемелдеуге, сонымен қатар жүйелік деңгейде жұмыс істеуге қабілетті мамандарды даярлау.
Міндет
- желілік операциялық жүйелерде, мысалы, Windows, Linux операциялық жүйелерінде жұмыс жасаудың архитектурасы мен жұмыс принциптерімен танысу;
- заманауи операциялық жүйелердің құрылымын және негізгі ішкі жүйелердің жұмыс істеу принциптерін зерттеу;
- графикалық интерфейс пен командалық қабықшалардың көмегімен ОЖ-ны әкімшілік ету және күйге келтіру дағдыларын игеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Windows, Linux операциялық жүйелерінің архитектурасы, негізгі командалары мен интерфейсі туралы білімдерін көрсету;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Windows және Linux операциялық жүйелерін орнату, олардың компоненттерін баптау және күйге келтіру;
- жүйелік және қолданбалы бағдарламалық жасақтаманың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін утилиталар мен қызметтік бағдарламаларды мақсатты түрде пайдалану;
- бағдарламалық қабықшалардың командалық тілдерінің негізінде ЭЕМ диалог ұйымдастыру;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- операциялық жүйелердің тұрғызылуы мен құрылымы туралы пікірлер қалыптастыру;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- командада жұмыс істеу, өз көзқарасыңызды қорғау, ОЖ басқару мен қызмет көрсетудің жаңа шешімдерін ұсыну;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- қажетті ақпаратты жинау, жүйелеу және қорытындылау алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу.
Оқыту әдістері
интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді формаларын қолдану: жетекпен (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; слайд-шоу немесе оқу фильмдері; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу);
ақпарат және байланыс (мысалы, әртүрлі операциялық жүйелер мен кәсіби қолданбалы бағдарламалық пакеттерді қолданатын компьютерлік сыныптағы сабақтар);
іздену және зерттеу (оқу процесінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі).
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
| Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
|---|---|---|
| 1 рейтинг | Зертханалық жұмыс 1 | 0-100 |
| Зертханалық жұмыс 2 | ||
| Зертханалық жұмыс 3 | ||
| Зертханалық жұмыс 4 | ||
| Зертханалық жұмыс 5 | ||
| СӨЖ 1 | ||
| СӨЖ 2 | ||
| СӨЖ 3 | ||
| Аралық тестілеу 1 | ||
| 2 рейтинг | Зертханалық жұмыс 6 | 0-100 |
| Зертханалық жұмыс 7 | ||
| Зертханалық жұмыс 8 | ||
| Зертханалық жұмыс 9 | ||
| Зертханалық жұмыс 10 | ||
| СӨЖ 4 | ||
| СӨЖ 5 | ||
| СӨЖ 6 | ||
| Аралық тестілеу 2 | ||
| Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
| Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
|---|---|---|---|---|
| Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз | |
| Бақылау сұрақтары бойынша әңгімелесу | жүйелі түрде теориялық білімін көрсетеді, терминологияны меңгерген, құбылыстар мен процестердің мәнін логикалық және дәйекті түрде түсіндіреді, дәлелді қорытындылар мен жалпылаулар жасайды, мысалдар келтіреді, өз ойын еркін жеткізе алады және нақтылау сұрақтарына жылдам жауап бере алады. | теориялық білімін жақсы деңгейде көрсетеді, терминологияны меңгерген, құбылыстар мен процестердің мәнін логикалық және дәйекті түрде түсіндіреді, дәлелді қорытындылар мен жалпылаулар жасайды, мысалдар келтіреді, монологтық сөйлеуде еркін сөйлейді, бірақ сонымен бірге, мұғалімнің көмегімен не өз бетінше болмашы қателерді түзете алады | теориялық білімі таяз, құбылыстар мен процестерді талдауда нашар қалыптасқан дағдыларды көрсетеді, дәлелді қорытындылар жасау және мысалдар келтіру қабілеті жеткіліксіз, монологтық сөйлеуде, терминологияда, логикалық және баяндау жүйелілігін жеткілікті деңгейде меңгермеген, қателерін өз бетінше түзете алмайды. | пәннің теориялық негіздерін білмегендігін, құбылыстар мен процестерді талдау дағдыларының қалыптаспағанын көрсетеді, дәлелді қорытындылар жасауды және мысалдар келтіруді білмейді, монологтық сөйлеуді нашар меңгереді, терминологияны білмейді, логикалық және жүйелілік жетіспеушілігін көрсетеді, мұғалімнің түзетуімен де түзете алмайтын қателіктер жібереді, сабақта жауап беруден бас тартады |
| Зертханалық сабақтарда жұмыс жасау | қажетті іс-әрекеттер ретін сақтай отырып, зертханалық жұмыстарды толық көлемде орындайды; есепхатта қатесіз бағдарлама кодын және блок-схеманы келтіреді. Сұрақтарға жауап беру кезінде сұрақтың мәнін дұрыс түсінеді, негізгі ұғымдарға нақты анықтама беріп, түсіндіреді; жауапты мысалдармен бекітеді; оқытылатын материал мен бұрын зерттелген материал арасында байланыс орната алады; оқытушы берген зертханалық жұмысты қорғауға арналған жеке тапсырманы орындайды. | «5» бағасына қойылатын талаптарды орындайды, бірақ 2-3 кемшіліктері бар; есепхаттағы бағдарлама коды мен блок-схемада шағын қателер бар. Студенттің сұрақтарға жауабы «өте жақсы» деген бағаға қойылатын негізгі талаптарды қанағаттандырады, бірақ бұрынғы зерттеулермен байланысы жоқ; болмашы қателер мен олқылықтар жіберілген болса, студент оларды өз бетінше немесе мұғалімнің кішкене көмегі арқылы түзете алады; зертханалық жұмысты қорғауға арналған жеке тапсырманы орындау кезінде бағдарлама кодында болмашы қателер жібереді. | жұмысты толыққанды орындамайды, бірақ зертханалық жұмысты орындау көлемі 50% кем емес; жұмыс барысында қателіктер жіберілген. Сұрақтарға жауап беру кезінде студент сұрақтың мәнін дұрыс түсінеді, бірақ жауапта курс сұрақтарын меңгеруде бағдарламалық материалды одан әрі меңгеруге кедергі келтірмейтін кейбір мәселелер туындайды; зертханалық жұмысты қорғауға арналған жеке тапсырманы орындау кезінде бағдарламалық кодта немесе блок-схемада қателер жібереді. | жұмысты толық орындамайды немесе жұмыстың аяқталған бөлігінің көлемі дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Сұрақтарға жауап беру кезінде бағдарлама талаптарына сәйкес негізгі білім мен дағдыларды меңгермегендігін көрсетеді; 3 деген бағаға сай көп қателер мен кемшіліктер жібереді немесе қойылған сұрақтардың ешқайсысына жауап бере алмайды; оқытушы берген зертханалық жұмысты қорғауға арналған жеке тапсырманы орындай алмайды. |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
| И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
| 2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
| Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
|---|---|---|---|
| A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
| A- | 3.67 | 90-94 | |
| B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
| B | 3.0 | 80-84 | |
| B- | 2.67 | 75-79 | |
| C+ | 2.33 | 70-74 | |
| C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
| C- | 1.67 | 60-64 | |
| D+ | 1.33 | 55-59 | |
| D | 1.0 | 50-54 | |
| FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
| F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Операциялық жүйе (ОЖ) туралы түсінік
- Операциялық жүйелерді құрылымы мен құру принциптері
- Процесті басқарудың ішкі жүйесі
- Жадты басқару
- Енгізу шығаруды басқару
- Файлдарды басқарудың ішкі жүйесі
- Windows архитектурасы
- Linux операциялық жүйесінің архитектурасы
- Жүйені іске қосу және тоқтату
- Linux файлдық жүйесі
- Бекіту нүктелері туралы түсінік және оларды қолдану
- Linux жүйесіндегі процестер
- Linux-тағы есеп жазбалары
- Linux ОЖ аппараттық және бағдарламалық қамтаманы баптау
Негізгі әдебиет
- Таненбаум Э. Современные операционные системы. 4-ое изд. – СПб.:Питер, 2015. - 1120с.
- М. Руссинович, Д. Соломон, А. Ионеску «Внутреннее устройство Microsoft Windows.» 6-е изд. Основные подсистемы ОС.— СПб.:Питер, 2014.- 672 с.: ил. - (Серия «Мастер-класс»).
- Филиппов, А. А. Операционные системы : учебное пособие / А. А. Филиппов. — Ульяновск : Ульяновский государственный технический университет, 2021. — 100 c. — ISBN 978-5-9795-2129-9. — Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/121273.html (дата обращения: 02.10.2024). — Режим доступа: для авторизир. пользователей
- Максвелл С. Ядро Linux в комментариях./Пер.с англ. – К.: Диасофт, 2016.
- intuit.ru/departamrnt/os/linux (Учебный курс по операционной системе Linux).
- Мамойленко, С. Н. Операционные системы. Часть 1. Операционная система Linux : учебное пособие / С. Н. Мамойленко, О. В. Молдованова. — Новосибирск : Сибирский государственный университет телекоммуникаций и информатики, 2012. — 128 c. — Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/40540.html (дата обращения: 02.10.2024). — Режим доступа: для авторизир. пользователей
- Моренкова, О. И. Операционные системы. Изучаем Linux : учебное пособие / О. И. Моренкова, А. Ю. Голошубов. — Новосибирск : Сибирский государственный университет телекоммуникаций и информатики, 2022. — 107 c. — Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/138772.html (дата обращения: 02.10.2024). — Режим доступа: для авторизир. пользователей
Қосымша әдебиеттер
- Е. Котельников «Введение во внутреннее устройство Windows» [Электронный ресурс] - Открытые курсы Интернет-университета информационных технологий (ИНТУИТ). - Режим доступа http://www.intuit.ru/studies/courses/ 1164/260/info
- Пол Мак-Федрис. Windows 7. Полное руководство, Изд. Вильямс, 2011. – 800 с.
- Кенин, А. М. Самоучитель системного администратора / А. М. Кенин, Д. Н. Колисниченко. — 5-е изд., перераб. и доп. — СПб.: БХВ-Петербург, 2019. — 608 с.: ил. — (Системный администратор) ISBN 978-5-9775-4028-5
- Колисниченко Д. Н. Самоучитель Microsoft Windows 10. — СПб.: БХВ-Петербург, 2016. — 352 с.: ил. — (Самоучитель)
- Кондратьев, В. К. Введение в операционные системы : учебное пособие / В. К. Кондратьев. — Москва : Евразийский открытый институт, Московский государственный университет экономики, статистики и информатики, 2007. — 232 c. — Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/10637.html (дата обращения: 02.10.2024). — Режим доступа: для авторизир. пользователей