Ғылыми-инновациялық қызмет әдістемесі

Жаманбаева Манира Крыкбаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән ғылыми және инновациялық қызметпен байланысты негізгі ұғымдарды, сондай-ақ қолданбалы ғылыми зерттеулерге, әзірлемелерге және олардың нәтижелеріне қойылатын нормативтік талаптарды қарастырады. Теориялық және эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы мәселелері, сондай-ақ нәтижелерді өңдеу, талдау, бағалау және ұсыну әдіснамасының мәселелері баяндалады.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Бұл пәнді оқытудың мақсаты-магистранттардың ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет саласындағы құзыреттіліктерін қалыптастыру, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландырудың тиімділігін анықтайтын тәсілдерді талдау мен қолдануда теориялық және практикалық дайындық.
Міндет
  • Негізгі міндеттерге ғылыми таным әдістерін зерттеу, ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу принциптерін меңгеру, алынған нәтижелерді талдау және түсіндіру дағдыларын дамыту, сондай-ақ инновациялық жобаларды басқару әдістерін меңгеру жатады.
Негізгі әдебиет