Тау-кен өнеркәсібіндегі ғылыми жобаларды стратегиялық басқару
Сипаттама: Пән тау-кен өнеркәсібіндегі ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды стратегиялық басқару туралы жүйелі түсінік қалыптастырады. ҒЗЖ әзірлеу және іске асырудың әдіснамалық негіздері, зерттеулердің басым бағыттарын стратегиялық талдау, ғылым мен өндірістің өзара әрекеттесу тетіктері, сондай-ақ ғылыми жаңалықты, технологиялық тиімділікті және нәтижелердің әлеуметтік-экономикалық маңызын бағалау әдістері қарастырылады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Пайдалы қазбалар кен орындарын қазу барысындағы жаңа технологиялық шешімдер
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 75 |
| СӨЖ | 30 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Сформировать у докторантов способность обосновывать выбор приоритетных научных проектов в горной промышленности, планировать и управлять их реализацией, оценивать научную и практическую значимость результатов и определять условия их внедрения на горных предприятиях.
Міндет
- Тау-кен кәсіпорындарының қажеттіліктерін талдау және ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау. Ғылыми мәселе мен гипотезаны тұжырымдау, жобаның ғылыми жаңалығын негіздеу және зерттеу әдістерін таңдау. Ғылыми жобаны іске асыру жоспарын әзірлеу, мерзімдерді, ресурстарды, бюджетті және тәуекелдерді басқару шараларын белгілеу. Зерттеу нәтижелерін қолданудың технологиялық тиімділігін, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау, оларды тау-кен кәсіпорнында сынақтан өткізу және енгізу шарттарын негіздеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Пәнді аяқтағаннан кейін докторант тау-кен өнеркәсібіндегі ғылыми жобаларды стратегиялық басқару қағидаттарын түсіндіреді, олардың өмірлік циклінің кезеңдерін сипаттайды және зерттеудің басым бағыттарын іріктеу өлшемшарттарын түсіндіреді. Ғылыми жаңалықты негіздеу, әзірлеменің технологиялық дайындық деңгейін бағалау және зерттеуден тәжірибелік-өнеркәсіптік сынаққа және өндіріске енгізуге көшу шарттарын айқындау жолдарын түсіндіреді.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Пәнді аяқтағаннан кейін докторант тау-кен кәсіпорнының нақты өндірістік міндетін шешуге арналған ғылыми жоба әзірлейді. Зерттеу гипотезасын тұжырымдайды, оны тексеру әдістерін таңдайды, жобаның күнтізбелік жоспары мен бюджетін жасайды. Қажетті ресурстарды, нәтижелерге қол жеткізу көрсеткіштерін және тәуекелдерді басқару шараларын айқындайды. Кәсіпорынның жағдайын ескере отырып, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ жоспарын әзірлейді.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Пәнді аяқтағаннан кейін докторант ғылыми және өндірістік деректердің сенімділігі мен жеткіліктілігін сыни тұрғыдан бағалайды. Өндірістік міндетті шешу нұсқаларын ғылыми жаңалығы, техникалық іске асырылу мүмкіндігі, өнеркәсіптік қауіпсіздігі, күтілетін экологиялық және әлеуметтік-экономикалық салдары бойынша салыстырады. Деректердің белгісіздігін ескере отырып, алынған нәтижелердің тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарға көшу үшін жеткілікті екенін немесе қосымша тексеру қажет екенін негіздейді және тексеруді қажет ететін мәселелерді айқындайды.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Пәнді аяқтағаннан кейін докторант ғылыми жобаны зерттеушілер мен тау-кен кәсіпорнының мамандары алдында таныстырады және қорғайды. Баяндама мазмұнын аудиторияға бейімдейді, зерттеу әдістері мен жобалық шешімдердің таңдалуын негіздейді, сарапшылардың сұрақтарына жауап беріп, ескертулеріне түсініктеме береді. Өндірістік серіктеске арнап нәтижелерді сынақтан өткізу және өндіріске енгізу жөніндегі ұсынымдар қамтылған қысқаша қорытынды әзірлейді.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Пәнді аяқтағаннан кейін докторант зерттеу міндетін шешу үшін қандай білім мен деректер жетіспейтінін өз бетінше анықтайды. Ғылыми жарияланымдарды, патенттер мен салалық дереккөздерді іздеп тауып, сыни тұрғыдан талдайды, қажетті зерттеу әдістері мен жобаны басқару құралдарын меңгереді. Жаңа деректер мен сарапшылардың ескертулерін ескере отырып, зерттеу жоспарын нақтылайды.