Қалалық жоспарлау және қалалық зерттеулер негіздері

Феоктистова Елена Александровна

Оқытушының портфолиосы

Гурская Оксана Евгеньевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән қала құрылысы және урбанистика теориясының негіздерін, елді мекендерді қалыптастыру қағидаттарын және қалалық ортаны ұйымдастыруды зерделеуге бағытталған. Урбандалу үдерістері, қалалық және ауылдық елді мекендердің даму ерекшеліктері, аумақтарды тұрақты дамытудың заманауи тәсілдері қарастырылады. Практикалық сабақтар әртүрлі функционалдық мақсаттағы аумақтардың қала құрылыстық диагностикасы, көлік инфрақұрылымын талдау және аумақтық даму жағдайларын бағалау бойынша қолданбалы зерттеу және талдамалық тапсырмаларды орындауды қамтиды.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Архитектуралық мұраның жаһандық тарихы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Аумақтардың кеңістіктік даму заңдылықтарын, қала құрылыстық жоспарлау мен урбанистика қағидаттарын, сондай-ақ елді мекендердің тұрақты әрі қолайлы ортасын ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін сәулеттік-жобалау және зерттеу қызметінде қолдану үшін зерделеу.