Архитектуралық дизайн талдауы
Сипаттама: Курс жобалау нысанының сәулеттік тұжырымдамасын қалыптастыруды айқындайтын факторларды жобалау алдындағы зерттеу мен талдаудың қолданбалы әдістерін зерделеуге бағытталған. Сәулеттік жобалаудағы ғылыми-зерттеу тәсілін қамтамасыз ететін деректердің кең ауқымын визуалды және графикалық талдаудың заманауи әдістеріне ерекше назар аударылады. Оқу нәтижесінде студенттер кешенді жобалау алдындағы зерттеу жүргізіп, аналитикалық негіздеме мен дипломдық жобаның тұжырымдамасын әзірлейді.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Зерттеудің негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | |
| Практикалық жұмыстар | 60 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәннің мақсаты – дипломдық сәулет жобасының тұжырымдамасын негіздеу мен әзірлеуді қамтамасыз ететін жобалау алдындағы талдау әдістерін және аналитикалық материалдарды дайындау тәсілдерін зерделеу.