Автомобиль жүргізушілерін дайындаудың әдістемелік негіздері
Сипаттама: Пән адам факторының жол қауіпсіздігіне әсерін, автокөлік психологиясының негіздерін және жүргізушілерді даярлаудың заманауи әдістерін зерттеуге бағытталған. Курс барысында оқу бағдарламалары, сондай-ақ оқу процесінде қолданылатын техникалық құралдар мен жабдықтар қарастырылады. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушылар алған білімдерін автомобиль жүргізушілерін даярлау әдістерін жетілдіру үшін пайдалануды үйренеді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Инженерлік білім беруге кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 75 |
| СӨЖ | 15 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пәнді оқытудың мақсаты жол қозғалысының қатысушылары ретінде жүргізушілердің жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін оқу; Қазақстан автомектептерінде жүргізушілерді даярлаудың қазіргі замағы жүйесі туралы түсінік алу; жүргізуішілердің психологиясының жол қозғалыс қауіпсіздігіне әсерінің заңдылықтарын оқу; жүргізушілерді даярлаудың қазіргі заманғы әдістерімен, жабдықтарымен және оқытудың техникалық құралдарымен танысу болып табылады.
Міндет
- Пәнді оқытудың негізгі тапсырмалары: - жүргізушілерді даярлаудың әдістемелерін және түрін оқу; - жүргізушілерді даярлауда, олардың психофизилогиялық сипаттамаларын ескере отырып теориялық негіздерді оқытудың әдістемесін оқу; - автожаттықпаларда және автодромдарда оқытудың әдістемелерін оқу; - әртүрлі жол жағдайларында жүргізуге оқытудың тәсілдерін оқу;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Курсты оқудың нәтижесінде студент білуі және түсінуі тиіс: - автомобиль жүргізуішісі қызметінің психофизиологиялық негіздері; - автомобиль жүргізушілерін дачрлаудың әдістемелері; - жол-көлік оқиғасының туындауында адам факторының ролі; - автомобиль жүргізушісі сенімділігінің негізгі факторлары.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Пәнді оқудың нәтижесінде студент алған теориялық білімдерін жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмаларды; пәнді оқу үрдісінде алған теориялық білімін жүргізуішілерді даярлаудың сапасын көтеруге қолдану. Автмобиль жүргізушілерінің қателерімен байланысты жол көлік оқиғаларын төмендету мәселелері бойынша негізгі білімдерді меңгеру.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Автомобиль жүргізушілерін даярлау аумағында тәжірибелік тапсырмаларды шешу үшін теориялық білімдерін қолдана алу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Қойылған тапсырмаларды шешудің тиімді іздеу тәсілдерін білу, ғылыми-техниалық ақпаратты және алдыңғы қатарлы тәжірибені қолдану.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Жүргізушілердің психофизилогиялық қасиеттерін бағалауға арналған техникалық құралдарды және әдістерді қолдану бойынша студенттердің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.