Жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелері

Конарбаева Гульнур Нурлыбековна

Оқытушының портфолиосы

Абеджанова Арай Сайлаубеккызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән қазіргі қалаларда жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (ЖҚБАЖ) қолданудың теориялық және практикалық негіздерін зерттеуге бағытталған. Курс барысында ЖҚБАЖ басқарудың жіктелуі, құрылымы мен деңгейлері, сондай-ақ олардың жұмысының негізгі алгоритмдері, енгізу, пайдалану мәселелері және даму перспективалары қарастырылады. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушылар басқару жүйелерінің тиімділігін бағалауды және алған білімдерін ЖҚБАЖ енгізу және пайдалану үшін практикада қолдануды үйренеді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Жасанды интеллект негіздері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелерін ұтымды пайдалану есебінен жол қозғалысын ұйымдастыру және басқару тиімділігін арттыру саласында құзыреттерді қалыптастыру
Міндет
  • Пәнді оқу міндеті автокөлік құралдарының қозғалысын басқарудың жаңа технологияларын қолдану қабілеті болып табылады;
  • Студенттердің жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелері, ЖҚБАЖ құрудың жалпы қағидалары, ЖҚБА жүйесінің құрылымы және техникалық құралдары туралы түсініктерін қалыптастыру;
  • студенттерге ЖҚБАЖ әзірлеу және енгізу мақсаттары, ЖҚБАЖ шеңберінде шешілетін міндеттер, олардың тиімділігі туралы білім беру;
  • Студенттерді басқару жүйесінің әртүрлі деңгейлеріндегі жол қозғалысын басқару жөніндегі міндеттерді шешу кезіндегі. әдістемелік ұсыныстарды дұрыс қолдануға үйрету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Көліктегі қазіргі инновациялық ақпараттық технологияларды; байланыс құралдарының, АБЖ, компьютерлердің және оларға қосылатын құрылғылардың жұмыс істеуінің негізгі принциптерін, қолданыстағы жүйелер мен оларға қосылатын жабдықтардың негізгі ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Конструкциялық элементтерге, жүйелерге, КҚ қозғалысын басқару технологияларына, олардың қауіпсіздігін анықтайтын техникалық талаптарды әзірлей білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Техникалық жүйелер мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін, экологиялылығын және тұрақтылығын арттыру әдістері мен құралдарын меңгеру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ақпаратты, техникалық деректерді, көлік жүйелері жұмысының көрсеткіштері мен нәтижелерін зерттеу және талдау қабілеті; нақты уақыт режимінде қозғалысты басқару кезінде қазіргі заманғы ақпараттық-компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Жол қозғалысын басқару және ұйымдастыру саласындағы үздіксіз машықтарды қолдана білу
  • Дербес, жеке жұмысқа дайындық, өзінің кәсіби құзыреті шеңберінде шешімдер қабылдау; ақпараттық технологияларды пайдалануға дайындық.