Автомобиль жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігі
Сипаттама: Пән білім алушыларда автомобиль жолының көліктік құрылыс ретінде жұмыс істеуін талдау және көлік ағындары қозғалысының заңдылықтарын зерттеу үшін қажетті білімді қалыптастыруға бағытталған. Курс барысында нақты жағдайлардағы жолдардың көліктік жұмысының негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ олардың пайдалану сипаттамаларын бағалау әдістері қарастырылады. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушылар жол қозғалысын ұйымдастыру және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты практикалық міндеттерді тиімді шешуді үйренеді.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Инженерлік білім беруге кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| курстық жоба | |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер