Есептеуіш машиналар мен жүйелер архитектурасы
Сипаттама: Пән есептеу жүйелерінің аппараттық-бағдарламалық деңгейдегі ұйымдастырылуын зерттейді. Деректерді ұсыну, командалар жүйелері, процессорлар, жад, кэштеу, енгізу-шығару, шиналар, конвейерлеу және архитектураның операциялық жүйелермен өзара әрекеттесуі қарастырылады. Студенттер жүйелік бағдарламалау мен тиімді әзірлеуге қажетті өнімділікті, абстракция деңгейлерін және аппараттық платформаның шектеулерін талдайды.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер