Аспаптық жүйелер және жабындар
Сипаттама: Пән машина жасау өндірісінде қолданылатын заманауи аспаптық жүйелерді, кескіш құралдарды және функционалды жабындарды зерттеуге бағытталған. Курс құралдар мен жабындарды таңдау принциптерін, олардың өнімділікке, өңдеу дәлдігіне, тозуға төзімділікке және өнімнің сапасына әсерін қарастырады. Пәнді игеру технологиялық процестерді жобалаумен, жабдықтар мен құралдарды таңдаумен, өндірістік процестерді талдаумен, өндірісті дайындау мен жетілдірумен, сондай-ақ шығарылатын өнімнің сапасын қамтамасыз етумен байланысты.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Инженерлік білім беруге кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер