Ықтималдықтар теориясы

Крыкпаева Аклима Абеновна

Оқытушының портфолиосы

Демеубаева Жанар Еркиновна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Оқытылатын бөлімдер: Кездейсоқ оқиғалар, кездейсоқ шамалар және олардың таралу заңдары. Бұл бөлімдерді білу нақты техникалық және технологиялық процестердің нақты көрінісі болып табылатын стохастикалық математикалық модельдерді құруға мүмкіндік береді. Бұл білім салалық статистиканың негізі болып табылады.

Кредиттер саны: 4

Пререквизиты:

  • Математика. Мектеп курсы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 60
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Болашақ инженерлерге жалпылама құбылыстардың ортақ заңдылықтарын зерттеуді, әртүрлі құбылыстар нәтижесіне кездейсоқ факторлардың әсерін сандық тұрғыдан бағалау әдістерін меңгертуді, тәжірибелік деректерді алу тәсілдерін құрастыруды, нәтижелерді өңдеу және түсіндіру әдістерін әзірлеуді, сондай-ақ осы әдістерді қолдана отырып кездейсоқ шамалардың үлестірім заңдарын анықтауды үйрету.
Міндет
  • «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәнінің негізгі ұғымдарын меңгеру және олардың экономика саласындағы қолданылуын игеру; пәннің негізгі заңдары мен теорияларын нақты экономикалық есептерді шешуде қолдану және әдістерін үйрену; алынған статистикалық және ықтималдық әдістерді экономикалық талдау мен шешім қабылдауда тиімді пайдалану; математикалық интуицияны дамыту; экономикалық ойлау мәдениетін қалыптастыру; ғылыми көзқарас пен логикалық талдау қабілетін жетілдіру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • 1. «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәні бойынша негізгі іргелі ұғымдар жүйесін, негізгі анықтамалар мен қасиеттерді, сондай-ақ негізгі теоремаларды біледі. 2. Белгісіз параметрлердің дәлдігін бағалау және сенімділікті статистикалық өңдеудің негізгі әдістерін біледі.
  • Инженерияның кең пәнаралық контекстінде ақпараттандырылғандық, әртүрлі ғылыми салалар арасындағы байланыстарды түсіну және оларды инженерлік есептерді шешуде қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәнін меңгергеннен кейін алған білімдерін кәсіби пәндердегі қолданбалы есептерді шешуде, берілген мәліметтерді статистикалық өңдеуде және әртүрлі есептердің математикалық модельдерін құруда қолданады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Математикалық әдістерді қолдана отырып, алынған модельдің дұрыстығын талдайды және жаратылыстанудың әртүрлі салаларындағы қолданбалы есептерді шешу әдістері мен математикалық модельдер туралы түсінікке ие болады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Команда құрамында жұмыс істей отырып, математикалық әдістерді қолдануда өз көзқарасын негіздей алады және жаңа шешімдер қабылдай алады.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтерін қолдана отырып, алған білімдерін математикалық тұрғыдан дәлелді түрде көрсете алады.