Экономикадағы математика
Сипаттама: Пән сызықтық және векторлық алгебраның, аналитикалық геометрияның және математикалық талдаудың негізгі бөлімдерін, соның ішінде бір және көп айнымалы функциялардың дифференциалдық есептеуін қамтиды. Аталған бөлімдерді оқу математикалық модельдеу саласындағы құзыреттерді қалыптастыруды және экономикадағы практикалық міндеттерді, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық үдерістерді жоспарлау мен болжау мәселелерін шешуде сандық әдістерді қолдануды қамтамасыз етеді.
Кредиттер саны: 4
Пререквизиты:
- Математика. Мектеп курсы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 15 |
| СӨЖ | 60 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пәннің мақсаты – экономикалық міндеттерді шешуде математикалық әдістерді меңгеру және қолдану үшін қажетті іргелі математикалық білім беру. Алынған білім мен дағдылар арнайы пәндерді одан әрі оқып-үйренуге, кәсіби қызметті жүзеге асыруға және өмір бойы білім алу тұжырымдамасын іске асыруға негіз болады.
Міндет
- «Экономикадағы математика» курсын оқу нәтижесінде білім алушылар: – экономикалық есептерді шешуде қолданылатын негізгі математикалық терминдерді, ұғымдарды, әдістер мен рәсімдерді білуі; – математикалық тілді және символиканы меңгеруі, сондай-ақ математикалық модельдеу қағидаттары туралы түсінігі болуы; – сызбаларды, графиктер мен диаграммаларды түсініп, талдай алуы, сөздік сипаттамаларды математикалық өрнектер мен модельдерге түрлендіре білуі; – нақты құбылыстар мен үдерістердің математикалық модельдерін құра білуі, экономикадағы қолданбалы есептерді талдау және шешу үшін математикалық әдістерді қолдана алуы; – шешімдердің дұрыстығы мен логикалық негізділігін бағалай алуы, алынған нәтижелерді түсіндіріп, олардың практикалық маңызын анықтай білуі; – математикалық ойлау мәдениетін, талдау, жалпылау және дәлелдеу дағдыларын меңгеруі, сондай-ақ өздігінен және шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамытуы тиіс.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Экономист тұлғасының кең дүниетанымы мен дамыған ойлау мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін математика саласындағы базалық білімдерді меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Типтік әдістемелер негізінде математикалық әдістерді қолдана отырып, экономикалық модельдердің аналитикалық есептеулерін орындау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Математикалық әдістер мен сандық тәсілдерді қолдана отырып, кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау, кәсіпкерлік тәуекел деңгейін анықтау және басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Экономикалық есептерді математикалық әдістермен шешу барысында жеке және топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру, өз көзқарасын дұрыс дәлелдеп қорғау, жаңа шешімдерді ұсыну және негіздеу; ымыраға келу жолдарын табу, өз пікірін ұжым пікірімен салыстырып ескеру, сондай-ақ конструктивті диалог негізінде ұжымдық шешім қабылдау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Экономисттің ғылыми-зерттеу қызметінде математикалық әдістерді қолдану, бұл кәсіби қызметті жүзеге асыруға және магистратурада оқуын жалғастыруға қажетті базалық білімдерді жаңарту және кеңейту дағдыларын меңгеруді білдіреді.