Философия
Сипаттама: Курс қазіргі жаһандану, цифрландыру және жасанды интеллект қарқынды дамыған қоғам жағдайында философиялық ойлаудың маңызын ашуға бағытталған. Философия дүниені, адамды және олардың өзара байланысын теориялық тұрғыдан түсіндіретін, тұлғаның саналы өмірлік ұстанымын қалыптастыратын білім саласы ретінде қарастырылады. Курс барысында философияның негізгі бағыттары мен мәселелері, болмыс пен сана, таным мен ақиқат, адам мен қоғам, еркіндік пен жауапкершілік, өмірдің мәні, мораль және құндылықтар зерделенеді. Ғылыми-техникалық прогрестің, цифрлық мәдениеттің, экологиялық және әлеуметтік өзгерістердің адам өміріне ықпалы философиялық тұрғыдан талданады. Пән білім алушылардың сыни және жүйелі ойлауын, ақпаратты саралау, дәлелді пікір білдіру, этикалық шешім қабылдау дағдыларын дамытуға, сондай-ақ тұрақты құндылықтар мен жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Адам. Қоғам. Құқық. Мектеп курсы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша емтиханға жауап беру |
Компонент: Міндетті компонент
Цикл: Жалпы білімдік пәндер
Мақсат
- Білім алушыларда әлемді танудың ерекше нысаны ретінде философия туралы тұтас түсінік қалыптастыру, негізгі философиялық бағыттарды, категорияларды, проблемалар мен әдістерді зерделеу арқылы сыни, жүйелі және рефлексивті ойлауды дамыту, сондай-ақ қоғамның өзекті мәселелерін талдау және болашақ кәсіби қызметтің міндеттерін шешу кезінде философиялық білім мен этикалық принциптерді қолдану қабілетін қалыптастыру.
Міндет
- - қоғамдық сананы жаңғырту процестерін және қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндерін түсіну үшін қажетті философиялық-дүниетанымдық және әдіснамалық мәдениеттің негіздерін игеру; философиялық рефлексияны, сыни ойлауды, интроспекция дағдыларын және моральдық өзін-өзі реттеуді дамыту; білім алушылардың зерттеу құзыреттілігін, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- - философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұнын сипаттау; - шындықты философиялық зерделеудің ерекшелігін түсіндіру; - табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық зерделеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде дүниетанымды негіздеу; - дүниетаның тарихи типтеріінің мазмұны мен ерекшеліктерін интерпрециялау; - қоғам мен тұлғаның құндылықтары ретінде негіздұниетанымдық ұғымдардың ролі мен маңызын негіздеу; - шешім қабылдау үшін әлеуметтік-мәдени және тұлғалық жағдайлардың, мәтіндердің философиялық аспектілерін талқылау; - қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне байланысты өзіндік адамгершіліктік бағдар қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- - шешім қабылдау үшін әлеуметтік-мәдени және тұлғалық жағдайлардың, мәтіндердің философиялық аспектілерін талдау; - қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне байланысты өзіндік адамгершіліктік бағдар қалыптастыру; - кәсіби салададағы мәселелердің философиялық мазмұнын анықтаудың өзектілігіне зерттеу жүргізу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- - табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық зерделеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде дүниетанымды негіздеу; - дүниетаның тарихи типтеріінің мазмұны мен ерекшеліктерін интерпретациялау; - негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның қазіргі әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде негіздеу; - шешім қабылдау үшін әлеуметтік-мәдени және тұлғалық жағдайлардың, мәтіндердің философиялық аспектілерін талқылау;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- - шындықты философиялық зерделеудің ерекшелігін түсіндіру; - қоғам мен тұлғаның құндылықтары ретінде негізгі дүниетанымдық ұғымдардың ролі мен маңызын негіздеу; - қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне байланысты өзіндік адамгершіліктік бағдар қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- - әлемді ғылыми және философиялық танудың әдістерін саралау; - кәсіби салададағы мәселелердің философиялық мазмұнын анықтаудың өзектілігіне зерттеу жүргізу.