Экологиялық су пайдалану, су ресурстарын қорғау және қалпына келтіру
Сипаттама: Бұл курс тұрақты даму қағидаттарына негізделген су ресурстарын ұтымды пайдалану, қорғау және қалпына келтіру саласындағы білімді қалыптастырады. Онда су объектілерінің экологиялық жағдайын бағалау әдістері, су сапасын реттеу қағидаттары, ластанудың алдын алу технологияларын және су экожүйелерін қалпына келтіру қарастырылады. Бұл курсты аяқтағаннан кейін студенттер су объектілерінің жағдайын бағалау, шаруашылық қызметтің су ресурстарына әсерін талдау, экологиялық төлемдерді есептеу және су ресурстарын қорғау, ұтымды пайдалану және қалпына келтіру шараларын әзірлеу, сондай-ақ экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша практикалық дағдыларға ие болады.
Кредиттер саны: 8
Пререквизиты:
- Гидрология және ағысты реттеу
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 45 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 45 |
| СӨЖ | 120 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Формирование у студентов профессиональных знаний и навыков в вопросах инженерно-экологической оценки состояния водных объектов, находящихся в условиях природно-техногенного ландшафта, разработки мер по активизации процессов самоочистки в водных объектах, организации работ по очистке водных объектов от донных отложений.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Су ресурстарын ұтымды пайдаланудың және су нысандарына төгінділерді нормалаудың рөлі мен маңызын, табиғатты қорғаудың негізгі заңдарын, сондай-ақ су ресурстарын пайдалану саласындағы заңдар мен қағидаларды түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Су нысандарын ластанудан қорғау міндеттерін шешу кезінде су айдындарына төгінділерді нормалау жөніндегі білімді қолдану. Су шаруашылығы жүйелерін басқару және су ресурстарын жедел басқарудың технологиялық тәсілдерін қолдану дағдыларын меңгеру.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Су шаруашылығы саласындағы жаңа жетістіктерді қолдана отырып, су ресурстарын ластану мен сарқылудан қорғау, өзендер мен су айдындарын қалпына келтіру міндеттерін тиімді шешу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Экологиялық су пайдалану саласындағы міндеттерді жеке, команда мүшесі немесе жетекші ретінде тиімді шешу қабілеті. Су шаруашылығы жүйелерін басқару және су ресурстарын жедел басқарудың технологиялық тәсілдерін қолдану дағдыларын меңгеру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Су объектілерін қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері бойынша үнемі жетілуге, сондай-ақ табиғатқа зиян келтірмейтін технологияларды құру мүмкіндіктерін іздестіруге ұмтылу.