Есептелінетін математика
Сипаттама: Курс сызықтық және сызықтық емес теңдеулерді шешудің сандық әдістерін, сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін, интерполяция есептерін, сандық дифференциалдау мен интегралдау және математикалық физика есептерін шешудің сандық әдістерін зерттейді. Тұрақтылықтыққа, жинақталыққа және есептеу қателіктерін бағалауды талдауға ерекше назар аударылады. Бағдарламалау тілдері мен математикалық пакеттерді (мысалы, Python, MATLAB) қолдана отырып, практикалық тапсырмаларды орындау қарастырылған.
Кредиттер саны: 6
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Студенттерде заманауи есептеу құралдарын қолдана отырып, инженерлік және ғылыми практикада туындайтын математикалық есептерді шешу үшін сандық әдістерді қолданудың теориялық негіздері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру
Міндет
- Курстың негізгі мақсаттары: студенттерде сызықтық және сызықтық емес теңдеулерді әртүрлі сандық әдістермен шешуін, қателіктер мен жинақталу үрдісі туралы түсініктерді қалыптастыру; екі өлшемді және үш өлшемді қарапайым және дербес туындылы дифференциалдық теңдеулерді шешуде нақты және итерациялыық әдістер, сондай-ақ Эйлер, Рунге -Кутта әдістерін қолдануды үйрену.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- негізгі сандық әдістерді және олардың қолданылу саласын білу;
- Stephen Boyd, Lieven Vandenberghe. Convex Optimization. Cambridge University Press: — 2044 г.-p.198
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- сандық алгоритмдерді жүзеге асыра білу және нәтижелерді талдау;
- математикалық модельдерді бағдарламалық іске асыру дағдыларын меңгеру;
- инженерлік және қолданбалы есептерді шешуде сандық әдістерді қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- белгілі бір тапсырма үшін сандық әдісті таңдауды негіздей білу;
- сандық әдістерді олардың дәлдігі, тұрақтылығы және есептеу тиімділігі тұрғысынан сыни тұрғыдан бағалау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- практикалық есептерді шешу процесінде командада жұмыс істей білу, даулы мәселелерде өз көзқарасын дұрыс айту және қорғау.
- сандық есептеулердің нәтижелерін нақты және қисынды түрде баяндау, оларды есептер мен презентациялар түрінде ұсыну, сондай-ақ әріптестермен әдістерді таңдауды дәлелді түрде талқылау
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- жаңа есептеу әдістері мен бағдарламалық құралдарды өз бетінше игере алады, сандық алгоритмдер бойынша заманауи әдебиеттер мен құжаттаманы талдай алады.