Биотехникалық жүйелердегі басқару

Кунапьянова Маржан Советхановна

Оқытушының портфолиосы

Баталова Мадина Есимханкызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән биотехникалық жүйелердегі басқару принциптері мен әдістерін зерттейді. Биотехникалық объектілердің модельдері, автоматты реттеу және басқару алгоритмдері, сондай-ақ жүйелерді оңтайландыру мен бейімдеу әдістері қарастырылады. Арнайы назар тұрақтылық талдауына, регуляторларды құруға және медико-биологиялық қосымшаларда қазіргі заманғы басқару технологияларын қолдануға аударылады.

Кредиттер саны: 6

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәннің мақсаттары мен міндеттері: студенттерді әртүрлі мақсаттағы биотехникалық жүйелерді және денсаулық сақтауды басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құру кезінде қолданылатын автоматты және автоматтандырылған басқару теориясымен және әдістерімен таныстыру.
Міндет
  • Процестерді оңтайландыру: Биологиялық жүйенің максималды өнімін немесе тиімділігін қамтамасыз ету үшін оның жұмыс параметрлерін анықтау.
  • Жүйелерді модельдеу: Биологиялық жүйелердің мінез-құлқын болжау және динамикасын талдау үшін математикалық модельдер жасау.
  • Адаптивті басқару: Сыртқы ортада немесе жүйенің ішінде өзгерістерге бейімделе алатын басқару жүйелерін әзірлеу.
  • Бақылау және диагностика: Биологиялық жүйенің күйін тұрақты бақылау және мүмкін болатын ақауларды диагностикалау әдістерін әзірлеу.
  • Экологиялық тұрақтылық: Биологиялық жүйелердің қоршаған ортаға әсерін бағалау және осы әсерді минимизациялауға арналған стратегияларды әзірлеу.
  • Биохимиялық реакцияларды бақылау: Реакциялардың жағдайларын, мысалы, pH, температура, оттегі және басқа параметрлерді басқару.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • - биотехникалық жүйелердегі басқарудың негізгі ұғымдары мен анықтамаларын біледі және түсінеді;
  • - адаптивті және интеллектуалды басқару әдістерінің негізгі қағидаларын түсінеді.
  • - басқару жүйелерінің тұрақтылығы, сапасы және оптималдылық критерийлері туралы теориялық білімді меңгереді;
  • - биотехникалық жүйелерді математикалық модельдеу негіздерін біледі;
  • - кері байланысы бар басқару жүйелерінің маңызын және олардың тұрақтылыққа әсерін түсінеді;
  • - үздіксіз және дискретті басқару жүйелерінің жұмыс принциптерін меңгереді;
  • - биологиялық, техникалық және адам–машина жүйелерінің құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіре алады;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • биотехникалық жүйелерді басқарудың теориялық негіздерін практикалық есептерді шешуде қолдана алады;
  • есептеу нәтижелерін графиктер, кестелер және диаграммалар түрінде ұсына алады.
  • оптималды, адаптивті және интеллектуалды басқару әдістерін нақты биотехникалық міндеттерді шешуде пайдаланады;
  • кері байланысы бар басқару жүйелерін талдап, олардың жұмыс тиімділігін бағалайды;
  • басқару жүйелерінің тұрақтылығын және сапалық көрсеткіштерін есептеу әдістерін қолданады;
  • үздіксіз және дискретті басқару жүйелерінің математикалық модельдерін жасай алады;
  • биологиялық және биотехникалық объектілер үшін басқару жүйелерінің құрылымдық схемаларын құрастырады;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • - биотехникалық жүйелердің құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін талдай алады;
  • - алынған теориялық білім негізінде инженерлік және биомедициналық шешімдерге қатысты негізделген пайымдаулар (суждения) қалыптастырады.
  • - басқару жүйелерінің динамикалық және тұрақтылық сипаттамалары бойынша кәсіби пікір қалыптастырады;
  • - биожүйелердегі сигналдардың түрлерін талдап, олардың қолданылуын дәлелдейді;
  • - үздіксіз және дискретті басқару жүйелерінің ерекшеліктерін бағалайды;
  • - биотехникалық жүйелердегі басқару әдістерін салыстырып, негізделген тұжырымдар жасайды;
  • - биологиялық, техникалық және адам–машина жүйелерінің өзара байланысын түсіндіреді;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • - кәсіби ортада биотехникалық жүйелерге қатысты ақпаратты ауызша және жазбаша түрде сауатты жеткізе алады;
  • - күрделі техникалық және биологиялық ақпаратты әртүрлі аудиторияға (мамандарға және маман емес тұлғаларға) бейімдеп түсіндіре алады
  • - топта жұмыс істеу кезінде әріптестерімен тиімді қарым-қатынас орнатып, кәсіби этиканы сақтайды;
  • - пікірталас барысында өз көзқарасын дәлелдеп, негізделген уәждер келтіреді;
  • - ғылыми және техникалық мәтіндерді талдап, негізгі мазмұнын түсінікті түрде баяндай алады;
  • - биомедициналық және инженерлік терминологияны дұрыс қолдана отырып, өз ойын нақты әрі дәл білдіреді;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • жаңа теориялық және практикалық білімді өз бетінше меңгеру қабілетін дамытады;
  • ғылыми, оқу және электрондық ақпарат көздерімен тиімді жұмыс істей алады;
  • алынған білімді талдап, жүйелеп және қорытынды жасай алады;
  • биотехникалық жүйелер саласындағы жаңа технологиялар мен әдістерді өздігінен игеруге дайын болады;
  • үздіксіз кәсіби дамуға және өзін-өзі жетілдіруге қабілетті болады.