Материалдарды өңдеудің прогрессивті әдістері

Тлеужанова Гульнур Болатханкызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән материалдарды өңдеудің заманауи прогрессивті әдістерін, олардың теориялық негіздерін, технологиялық ерекшеліктерін және өндірісте қолданылуын оқытады. Оқу барысында механикалық, физика-химиялық, лазерлік, плазмалық, ультрадыбыстық және аддитивті өңдеу технологиялары қарастырылады. Сонымен қатар, өңдеу сапасын арттыру, еңбек өнімділігін жоғарылату және заманауи өндіріс талаптарына сәйкес технологияларды таңдау мәселелері зерттеледі.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Гидро-пневмо жүйелердің инжинирингі

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 75
СӨЖ 30
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Материалдарды өңдеудің заманауи және прогрессивті әдістерін зерттеу, олардың технологиялық ерекшеліктері мен өндірістегі тиімділігін анықтау.
Міндет
  • Материалдарды өңдеудің прогрессивті әдістерін қарастыру. Олардың жұмыс істеу принциптері мен қолданылу салаларын зерттеу. Әртүрлі өңдеу технологияларының артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыру. Заманауи өндірістегі қолдану тиімділігін бағалау.