Біздің колледжде оқудың артықшылықтары


- мемлекеттік үлгідегі диплом;
- колледжде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқу мүмкіншілігі;
- кәсіби білім алу;
- оқыту түрлері  мен әдістерінің көптүрлілігі, соның ішінде оқу үдерісін  университеттің ғылыми-өндірістік оқу орталықтарында өткізу;


- Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де оқуды қысқартылған бағдарлама негізінде жалғастыру;
- сырт жақтан келгендерге жатақханадан орын берілуі;
- бозбалалардың әскер қатарына шақыртылудан уақытша босатылуы;
- жұмысқа орналасудың кең мүмкіншіліктері;
- Қазақстанның экономикалық салалары кәсіпорындарына арнайы даярлау;
- 21-22 жас аралығында кәсіби білім алумен қатар, кәсіби мамандығын меңгеру және, қалауы болса, Университетте жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болу.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі:

 

  •  Қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;
  •  білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
  •  3x4 см көлеміндегі 4 дана;
  •  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) флюросуреті қоса берілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);
  •  жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).
  •  Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушылар - шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
2) азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын - босқын куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман - оралман куәлігі.

Қабылдау комиссиясының мекен-жайы (колледж):

Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі 19, ауд. Г3-502

phone1 8 (7232) 70-46-38 внутренний 359, 319; 8 (7232) 54-03-54

mail college_ektu@mail.ru