«VERITAS» Артықшылық орталығы материалтану, металлургия, табиғи ресурстарды қайта өңдеу және өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізу саласындағы өзекті міндеттерді шешу үшін ғалымдарды, инженерлерді және жас зерттеушілерді біріктіретін пәнаралық ғылыми-зерттеу алаңы болып табылады. Орталықтың негізгі миссиясы - ғылыми әлеуетті дамыту, инновациялық технологияларды құру және ғылыми әзірлемелерді экономиканың нақты секторына беру.

Орталықтың құрылымында тау-кен металлургия саласын орнықты дамытудың ғылыми-технологиялық орталығы жұмыс істейді, ол минералогия, Жерді қашықтықтан зондтау, ұнтақ технологиялары, тау жыныстары физикасы, өнеркәсіптік қалдықтарды кешенді өңдеу және өнеркәсіптік экология саласында зерттеулер жүргізуге бағытталған алты мамандандырылған зертхананы біріктіреді. Орталықтың қызметі тау-кен-металлургия кешені үшін орнықты технологиялық шешімдерді дамытуға, жаңа функционалдық материалдар жасауға, ресурс үнемдеу процестерін жетілдіруге және өндірістің экологиялық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

«VERITAS» артықшылық орталығы іргелі және қолданбалы зерттеулерді интеграциялауда, өңірдің ғылыми-технологиялық әлеуетін дамытуда және Қазақстанның қазіргі заманғы өнеркәсібі үшін жоғары білікті кадрлар даярлауда шешуші рөл атқарады.

Соңғы өзгерістер күні:
14.04.2026