Минералогиялық зерттеулер зертханасы
Мақсаты: Зертхана петрографиялық зерттеулер мен минералогия саласында практикалық дағдыларды қалыптастыру үшін құрылған. Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу мен барлау әдістемесін айқындау және олардың қалыптасу заңдылықтарын анықтау мақсатында тау жыныстары мен кендердің заттық құрамын зерттеу бойынша кәсіби құзыреттер қалыптастырылады.
«Минералогиялық зерттеулер» зертханасының міндеттері:
- Студенттер мен мамандардың петрография және минералогия саласында практикалық дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасау.
- Тау жыныстары мен кендерді макро және микроскопиялық зерттеу әдістерін меңгеру, олардың минералдық құрамын және құрылымын анықтау.
- Пайдалы қазбалардың заттық құрамын зерттеу арқылы олардың қалыптасу және орналасу заңдылықтарын анықтау.
- Кен орындарының генезисін түсіндіру мақсатында минералогиялық-петрографиялық зерттеулер жүргізу.
- Зертханалық құрал-жабдықтармен (микроскоптар, шлифтер, аналитикалық аспаптар және т.б.) жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
- Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу, бағалау және барлау кезінде минералогиялық зерттеулер жүргізе алатын мамандар даярлау.
- Геологиялық деректерді талдау және интерпретациялау саласындағы құзыреттерді дамыту.
- Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстар мен қолданбалы жобаларға қатысу.
- Оқу процесін заманауи зертханалық әдістермен және демонстрациялық материалдармен қамтамасыз ету.
- Минералогия және петрография саласындағы білім алушылар мен мамандардың біліктілігін арттыру.
Зертхананың қызметі:
- Минералогия және петрография бойынша зертханалық сабақтар мен практикумдарды заманауи құрал-жабдықтарды қолдана отырып өткізу.
- Тау жыныстары мен кендердің минералогиялық-петрографиялық зерттеулерін жүргізу, олардың заттық құрамы мен құрылымдық-текстуралық ерекшеліктерін зерттеу.
- Микроскопиялық зерттеулер үшін шлифтер мен аншлифтерді дайындау және талдау.
- Пайдалы қазбалар кен орындарының қалыптасу заңдылықтарын зерттеуге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу.
- Оқу процесі мен қолданбалы геологиялық зерттеулерге консультациялық-әдістемелік сүйемелдеу көрсету.
|
Leica DM4 поляризациялық микроскопы (LEICA UC ENUITY УЛЬТРАМИКРОТОМЫ, АКСЕССУАРЛАРЫМЕН БІРГЕ) |
|
|
Altami Pola Microscope |