Жерді қашықтан зерттеу әдістерінің пәнаралық зертханасы

Мақсаты: Жерді кешенді зерттеу, қолданбалы міндеттерді тиімді шешу және аумақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қашықтан зондтау мен геоақпараттық технологиялардың заманауи әдістерін дамыту және енгізу.

Міндеттері:

  • Жерді қашықтан зондтау және геоақпараттық жүйелер саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту;
  • спутниктік деректерді өңдеу және интерпретациялау әдістерін әзірлеу және жетілдіру;
  • әртүрлі масштабтағы және мақсаттағы сандық геологиялық модельдер мен карталарды жасау;
  • пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықтарын анықтау және жаңа перспективалы нысандарды болжау;
  • табиғи және техногендік процестердің өңірлік және жергілікті деңгейлердегі мониторингін қамтамасыз ету;
  • геоинформатика және Жерді қашықтан зондтау саласында жоғары білікті мамандар даярлау және білім беру бағдарламаларын дамыту;
  • отандық және шетелдік ғылыми-білім беру ұйымдарымен ғылыми ынтымақтастықты дамыту;
  • мемлекеттік, халықаралық және салалық ғылыми-техникалық жобаларды іске асыруға қатысу.

Зертхананың қызметі:

  • Жерді қашықтан зерттеу әдістерінің пәнаралық зертханасы заманауи геоақпараттық технологиялар мен Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) деректерін пайдалана отырып, табиғи және техногендік процестерді зерттеу саласында ғылыми-зерттеу және білім беру қызметін жүзеге асырады.
  • Ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) мен ғарыштық түсірілімдерді қолдана отырып, өңірдің геологиялық зерттеу деректері негізінде табиғи және техногендік кен орындары мен сирек металдардың кен біліністерінің сандық модельдерін жасау;
  • Далалық зерттеулер мен қашықтан зондтау нәтижелері бойынша ГАЖ технологиялары негізінде нақты материалдардың карталарын жасау;
  • Табиғи және техногендік кен орындары аумақтарын қашықтан зерттеу деректерін интерпретациялаудың ғылыми негізделген әдістемесін әзірлеу;
  • ЖҚЗ деректерін өңдеу және талдау негізінде сирек металдар нысандары бойынша көпдеңгейлі ГАЖ деректер базасын құру.

DJL Matrice 350RTK ұшу аппараты;

MicaSense RedEge MX камерасы;

Trimble серии SX12 сериялы лазерлік сканер (сканерлеуші тахеометр);

Ұшқышсыз ұшу аппараты (БПЛА, кейсте, бағдарламалық қамтамасыз етумен және 2 камерамен бірге + senseFly камерасы (бекіткішімен бірге + Parrot Sequoia мультиспектралды камерасы + senseFly зарядтау құрылғысы + Sequoia камерасын орнатуға арналған бекіткіш+ қосалқы бөлшектер жиынтығы + Lenovo 15.6" ноутбугі )

GNSS SP60 спутниктік жабдықтар жиынтығы;

GNSS SOUTH S680 қабылдағышы;

GNSS SP90 спутниктік жабдықтар жиынтығы;

DJI P4 Mulnispectrail ұшу аппараты (квадрокоптер)

Envi+ бағдарламалау тілі (коммерциялық лицензия)

Envi+ – қолданбалы, инженерлік және автоматтандырылған жүйелерді әзірлеуге арналған бағдарламалау тілін және біріктірілген әзірлеу ортасын қамтитын заманауи бағдарламалық платформа:

  • коммерциялық жобаларда және өндірісте қолдану;
  • әзірлеу және орындау құралдарының толық жиынтығына қолжетімділік;
  • әзірленген шешімдерді тарату құқығы;
  • жаңартулар мен техникалық қолдауды алу.

Қолданылу саласы:

Envi+ әртүрлі салаларда, процестерді автоматтандыру және жүйелерді интеграциялау қажет болған жағдайда қолданылады:

  • өнеркәсіптік автоматтандыру;
  • жабдықтарды басқару және өндірістік процестерді мониторингтеу жүйелерін әзірлеу;
  • деректерді өңдеу және талдау;
  • деректер базасымен жұмыс істеу, есептілік пен аналитика қалыптастыру;
  • ақпараттық жүйелерді интеграциялау;
  • әртүрлі бағдарламалық өнімдер мен сервистер арасында деректер алмасу;
  • корпоративтік қосымшалар, ішкі жүйелер және мамандандырылған құралдар жасау;
  • клиент-серверлік қосымшалар мен қашықтан басқару жүйелерін әзірлеу.

 

ArcGIS Pro бағдарламалық қамтамасыз етуі

ArcGIS Pro қолданбалы және аналитикалық міндеттерді шешуге арналған кең құралдар жиынтығын ұсынады:

  • карталар мен кеңістіктік деректерді жасау және өңдеу;
  • кез келген күрделіліктегі кеңістіктік талдау жүргізу;
  • 2D және 3D визуализациямен жұмыс істеу;
  • деректер базалары және сыртқы жүйелермен интеграциялау;
  • аналитикалық есептер мен картографиялық материалдарды дайындау.

 

Бұлттық технологиялар ArcGIS Pro мүмкіндіктерін кеңейтіп, деректер мен сервистерге әлемнің кез келген нүктесінен қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Бұлттық инфрақұрылымның негізгі артықшылықтары:

  • геодеректерді орталықтандырылған сақтау;
  • пайдаланушылардың нақты уақыт режимінде бірлесіп жұмыс істеуі;
  • сервистердің масштабталуы және жоғары қолжетімділігі;
  • веб-қосымшалармен және мобильді шешімдермен интеграция;
  • ақпаратты сақтау қауіпсіздігі мен сенімділігінің артуы.

 

DJI Terra бағдарламалық қамтамасыз етуі

DJI Terra – дрондардан алынған деректерді өңдеуге арналған бағдарламалық жасақтама.

Негізгі мүмкіндіктері:

  • нақты уақыт режимінде деректерді жылдам реконструкциялау және нүктелік бұлттарды егжей-тегжейлі кейінгі өңдеу;
  • ауыл шаруашылығы мен геодезияға арналған жоғары ажыратымдылықтағы ортофотожоспарлар жасау;
  • инспекция және құрылыс үшін нысандар мен аумақтардың фотореалистік 3D модельдерін генерациялау;
  • мультиспектралды талдау;
  • дәл егіншілікке арналған вегетациялық индекстер карталарын (NDVI, GNDVI) құру.

 

Rocscience бағдарламалық қамтамасыз етуі

Rocscience бағдарламасы зертханада геомеханикалық модельдеу және орнықтылықты талдау міндеттерін шешу үшін қолданылады.

Бағдарлама мүмкіндіктері:

  • геомеханикалық процестерді модельдеу;
  • еңістер мен жерасты қазбаларының орнықтылығын бағалау;
  • ғылыми зерттеулер мен оқу жобаларын орындау.

 

Бағдарламалық кешенді қолдану зертханалық сынақ нәтижелерін өңдеу мен интерпретациялауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ инженерлік шешімдердің негізділігін арттырады.