Құрметті түлектер мен студенттер!
«Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ сіздерді бос жұмыс орындарына орналасу үшін «Түлектер жәрмеңкесі–2026» іс-шарасына қатысуға шақырады.
Өткізу күні: 2026 жылғы 15 сәуір
Уақыты: 09:30–12:00
Өтетін орны: Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың бас ғимараты, Акт залы
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 19
БАҒДАРЛАМА ЖАС ТҮЛЕКТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ - 2026
«Бір алаң – мың мүмкіндік!»
Іс-шараның мақсаты: жұмыс берушілер мен университет түлектері және білім алушыларының тікелей өзара әрекеттесуіне арналған тиімді коммуникациялық алаң құру, оларды жұмысқа орналастыруға, өндірістік тәжірибені ұйымдастыруға жәрдемдесу, сондай-ақ серіктес кәсіпорындардың кадрлық резервін қалыптастыру.
| Уақыты | Іс-шара |
|---|---|
| 09:00 | Қатысушыларды тіркеу. Жұмыс орнын ұйымдастыру |
| 09:30 | 2026 жылғы түлектер жәрмеңкесінің ашылуы. |
| 09:30-12:00 | Career Live Interview Жұмыс берушілермен тікелей диалог алаңының жұмысы |
| 09:30-12:00 | InformService «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де оқу туралы (бакалавриат, магистратура, докторантура)» ақпараттық алаңының жұмысы. |
| 10:30-11:30 | Career Speed-Dating Жедел танысу алаңының жұмысы |
| 12:00 | 2026 жылғы түлектер жәрмеңкесінің жабылуы. |
Университет сіздерді бір жерде жетекші жұмыс берушілер жиналатын бірегей алаңды пайдалануға шақырады.
Бос жұмыс орындарын іздеуге уақыт жоғалтпаңыз – компаниялармен тікелей сөйлесіп, өзіңізге лайық жұмыс табу үшін Түлектер жәрмеңкесіне келіңіз.
Өзіңізбен бірге бірнеше дана түйіндеме (резюме) алып келіңіз – бұл сіздің визит карточкаңыз.
Қатысуға өтінімді келесі сілтеме арқылы:
https://forms.gle/WfqVv1BZYnnCA2Tt7
Немесе QR-код арқылы беруге болады: