Шахмардан Есенов атындағы қор YDL жазғы бағдарламасына өтінім қабылдауды бастады!

Yessenov Data Lab жазғы мектебі — қазақстандық жас ғалымдар мен мамандарға үлкен деректерді талдаудың дағдыларын үйрететін 4 апталық интенсив бағдарлама.

  • тінім қабылдау мерзімі: 28 сәуірге дейін
  • Грант саны — 20 адам
  • Мектептің өту мерзімі: 2026 жылғы 17 маусым – 13 шілде
  • 2 апта онлайн — 2026 жылғы 15–26 маусым
  • 2 апта офлайн — 2026 жылғы 29 маусым – 10 шілде, Алматы қаласында

Басқа қалалардан келген қатысушылардың жол ақысы мен тұру шығындарын Қор толық өтейді

Барлық қатысушылар тамақпен қамтамасыз етіледі

Оқу барысында сіз:

  • нейрожелілердің қалай жұмыс істейтінін нақты түсінесіз
  • LLM-нің «сиқыр» емес екенін ұғынасыз
  • командада жұмыс істеу тәжірибесін аласыз
  • кәсіби байланыстарыңызды кеңейтіп, сарапшылармен танысасыз

Бағдарлама аясында Python және чат-боттар, машиналық оқыту, үлкен тілдік модельдер және компьютерлік көру бағыттары оқытылады. Биыл біз бір аптаны толықтай ЖИ-агенттерді әзірлеуге арнаймыз. Бұл бағыттар бойынша сізге жергілікті жетекші профессорлар мен сарапшылар, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі шақырылған спикерлер дәріс береді.

Қатысушылар Yessenov Data Lab мектебінің сертификатын, сондай-ақ Болон процесінің халықаралық стандарттарына сәйкес AlmaU университетінің академиялық транскриптін алады

Егер сіз:

  • Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан азаматы болсаңыз, бакалавриат, магистратура немесе докторантура студенті болсаңыз, сондай-ақ техникалық және жаратылыстану бағыттарында жұмыс істейтін маман болсаңыз — өтініміңізді күтеміз.
  •  Бағдарлама, ереже және өтінім беру сілтемесі: https://yessenovfoundation.org/kk/about-us/programs/resources/yessenov-data-lab/yessenov-data-lab-2026/

 Бағдарлама

 Ереже