Құрметті түлектер мен студенттер!

 «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ сіздерді бос жұмыс орындарына орналасу үшін «Түлектер жәрмеңкесі–2026» іс-шарасына қатысуға шақырады.
Өткізу күні: 2026 жылғы 15 сәуір
Уақыты: 09:30–12:00
Өтетін орны: Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың бас ғимараты, Акт залы
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 19

БАҒДАРЛАМА  ЖАС ТҮЛЕКТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ - 2026 
«Бір алаң – мың мүмкіндік!»

Іс-шараның мақсаты: жұмыс берушілер мен университет түлектері және білім алушыларының тікелей өзара әрекеттесуіне арналған тиімді коммуникациялық алаң құру, оларды жұмысқа орналастыруға, өндірістік тәжірибені ұйымдастыруға жәрдемдесу, сондай-ақ серіктес кәсіпорындардың кадрлық резервін қалыптастыру.

Уақыты Іс-шара
09:00 Қатысушыларды тіркеу.
Жұмыс орнын ұйымдастыру
09:30 2026 жылғы түлектер жәрмеңкесінің ашылуы.
09:30-12:00 Career Live Interview
Жұмыс берушілермен тікелей диалог алаңының жұмысы
09:30-12:00 InformService
«Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де оқу туралы (бакалавриат, магистратура, докторантура)» ақпараттық алаңының жұмысы.
10:30-11:30 Career Speed-Dating
Жедел танысу алаңының жұмысы
12:00 2026 жылғы түлектер жәрмеңкесінің жабылуы.

Университет сіздерді бір жерде жетекші жұмыс берушілер жиналатын бірегей алаңды пайдалануға шақырады.
Бос жұмыс орындарын іздеуге уақыт жоғалтпаңыз – компаниялармен тікелей сөйлесіп, өзіңізге лайық жұмыс табу үшін Түлектер жәрмеңкесіне келіңіз.

Өзіңізбен бірге бірнеше дана түйіндеме (резюме) алып келіңіз бұл сіздің визит карточкаңыз.
Қатысуға өтінімді келесі сілтеме арқылы:
https://forms.gle/WfqVv1BZYnnCA2Tt7
Немесе QR-код арқылы беруге болады: