2013 жылдың 1 ақпан күні сағат 15.00-де Шығыс Қазақстан өнер мұражайы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Сәулет және дизайн» мамандығының студенттері ұсынатын Шығыс Қазақстандағы сәулеттік білімнің 50 жылдығына арналған «Өскемен сәулет мектебі: дәстүрлер және жаңашылдық» атты экспозициясын ашады.

1964 жылы Өскемен жол-құрылыс институтының негізінде Қазақстанда тұңғыш сәулет факультеті ұйымдастырылды. 1989 жылы «Қала, ауыл және қалақұрылысы кешендерін көркем жобалау» (қазір «Сәулет ортасының дизайні») мамандығы ашылды, ал 1998 жылы студенттерді «Киім дизайні» мамандығына үйрету бойынша дайындық басталды.

Өскемен сәулет мектебі өзінің қызметі кезінде халықаралық байқауларда жоғары бағаланатын өзіне тән стилін қалыптастырды. 50 жыл қызметінде факультет 3000 маманға жуық – сәулетшілер және интерьер мен киім-кешек дизайншілерін дайындады. Біздің түлектер Қазақстан Республикасында, сондай-ақ жақын және алыс шет елдерде жобалық, ғылыми-педагогикалық, мәдени-ағартушылық, имидждік қызметпен айналысады.

Сәулет және дизайнерлік білім – бұл білімнің кешенді жүйесі: инженер-техникалық, гуманитарлық және көркемдік білім. Ғимарат немесе интерьерді  жобалау үшін көркем мәнер, құрылым білімдеріжәне алдын-ала зерттеулер жүргізу шеберлігі қажет. Киімжасау үшін көлемді-кеңістікті ойлау, пропорция мен түсті сезу қажет, сол себепті киім дизайні сәулет пәні аясында оқылады.

Студенттертаңдапалған арнайы мамандықтарынан басқа негізгі көркемдікпәндер: сурет, кескіндеме, мүсін, сәулеттік композиция, сәулеттік графика және макеттеу бойынша білім алады.Барлық курстарда оқытудың негізгі пәні сәулеттік жобалау немесе дизайнерлік жобалау болып табылады.

Экспозицияда студенттердің кескіндеме, сурет, сәулеттік жобалау және дизайнерлік жобалау, графика және макеттеу, түстану пәндері бойынша жұмыстары,сондай-ақ дипломдық жұмыстары да ұсынылып отыр. Ордерлерді оқу және сызу студенттерден дәлме-дәлділікті, зейін қоюды, математика негізін білуді талап етеді, кескіндеме мен түстану үшін сезгіштік, сезімдер, түсті сезу өте маңызды - бұның барлығы толық бағалы сәулеттік білім үшін қажет.

2 және 3 курс студенттері орындаған кескіндеме бойынша жұмыстар топтамасынанстилденген композициялар мен натюрморттарды көруге болады. Сурет бойынша жұмыстарды 2 және 3 курс студенттері жазғы пленэрлік практикада орындаған. 1-5 курс студенттерінің сәулет және дизайнерлік жобалау бойынша жұмыстары – бұл түрлі тақырыптардағы курстық жобалар: («Ордерлер», «Шрифтер», «Айнала қоршауындағы сәулет ескерткіштерінің перспективасы», «Шағын сәулеттік форма», «Саяжай үйшігі», «Мектеп» және басқалар).

«Киім дизайні» арнайы мамандығы «Сарафания» дипломдық жұмысында,  «Фриволите» киім үлгілерінің топтамасында, сондай-ақ 2 курс студенттерінің «Қуыршақтардағы тарихи костюм» тақырыбы бойынша ұсынылған. 

Аталмыш көрме бастауында Өскемен жол-құрылыс институты, кейін Шығыс Қазақстан Техникалық университеті, ал қазір Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университеті негізінде құрылған Өскемен сәулет мектебінің дамуының 50 жылдығына арналған. Көрме Шығыс Қазақстан сәулет мектебімен байланысы бар барлық жұртшылықты – бүгін білім алып жатқан, бітіріп кеткен және болашақ студенттерді, сәулетшілер мен дизайншілер, педагогтар, сондай-ақ шығармашылықты, әсемдік пен үйлесімді бағалай білетіндерді қызықтырады деп сенеміз!

Көрме күнделікті 1 ақпаннанбастап

сағ. 9.00-ден 18.00-ге дейін (жұма, сенбі, жексенбі күндері – сағ. 17.00-ге дейін)жұмыс істейді.

Қош келдіңіздер!