ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 14-0/1324-ВН хатына сәйкес, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті жоғары оқу орындарының студенттері арасында «6В07204 – Геология және пайдалы қазба кен орнын барлау» білім беру бағдарламасы бойынша өтетін Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін өткізетін жоғары оқу орны болып табылады
Республикалық олимпиада келесі пәндер бойынша өткізілетін болады:
- Жалпы және тарихи геология;
- Құрылымдық геология;
- Пайдалы қазба кен орындарының геологиясы.
Олимпиадаға жоғары оқу орындарының аталған БББ күндізгі оқу нысанының студенттері қатыса алады. ЖОО олимпиаданың іріктеу (ЖОО ішіндегі) кезеңінде (қазақ, орыс оқыту тілдерінде) 1 орын алған 3 қатысушыдан артық емес ұсына алады. І турдан өткен Университет студенттерін осы іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Студенттерді олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысуға ұсынған кезде жоғары оқу орны мынадай құжаттарды жібереді:
- Олимпиада қорытындылары туралы ректор (немесе проректор) қол қойған хат не болмаса екінші кезеңге қатысуға ұсыным берілген университеттің Ғылыми кеңесінің хаттама түріндегі шешімі;
- Республикалық пәндік олимпиаданың 2 кезеңіне қатысуға өтінім (әрбір қатысушыға толтырылады).
Олимпиада тапсырмалары теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады.
Студенттердің білім деңгейі әрбір пән бойынша жеке бағаланады. Әр тапсырма 100 балдық жүйе бойынша бағаланады. Қорытынды баға — пәндер бойынша алынған ұпайлардың орташа арифметикалық мәні. Ең жоғары балл жинаған студенттер Олимпиаданың жеңімпаздары болып танылады.
Олимпиада бағдарламасы аудиториялар мен уақыт кестесі көрсетіле отырып, қатысушыларға Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға келген кезде беріледі.
Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ және орыс тілдері.
Студенттер өзімен бірге жеке куәліктерін ала келуі тиіс. Студенттерді міндетті түрде оқытушы – жетекші алып жүруі қажет.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Республикалық Олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысушыларды тұрғын үймен қамтамасыз етпейді.
Олимпиадаға қатысуға өтінім olimpiada_ektu_2025@mail.ru электрондық поштаға жолдануы тиіс.
Қатысушылар мен жетекшінің іссапар шығындары (жол ақысы, тұруы және тамақтануы) жіберуші жоғары оқу орнының есебінен төленеді.