2017 жылдың 12 сәуірінде мемлекет басшысы сананы жаңғырту бойынша қазақстандықтарға ауқымды бағдарлама ұсынды.Қазіргі таңда «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасының операторы болған «Ұлттық аударма бюросы» гуманитарлық бағыттағы философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, мәдениеттану, антропология және журналистика сияқты гуманитарлық пәндер бойынша аударма жасады.
Университеттің кітапханасында әр аталымның 97 данасынан 2 910 дана көлемінде (бұдан бұрын 3 738 дана 19 кітап атауынан алынған), барлығы 30 түрлі атау бойынша әрбір оқырман пайдалана алады.
Университет сайтындағы кітапхананың бетінде келген кітаптардың виртуалды көрмесі орналастырылған. Жоба жайлы https://100kitap.kz сайтынан оқи аласыздар.
«Қазақстанның ашық университеті» – еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен мамандары бірлесе әзірлеген онлайн-курстарға тегін қол жеткізу мүмкіндігін ұсынатын білім беру платформасы.
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқүлық» https://openu.kz/kz/books сілтемесі арқылы электрондық оқулықтарға қатынауға болады.